Автор: Жылысова Гульжан Мырзагалиевна, Сарыөзек ауылы, Әскери лазарет, зертхана бөлімшесінің зертханашысы
Талдау алдындағы кезенде көптеген факторлар лабораториялық зерттеу нәтижелеріне әсер ететінін клиникалық лабораториялық диагностиканың дәрігерлері бұрыннан түсінген. Көбінесе клиницистер бұл талдау алдындағы кезеңнің ықпалын біле-білмейді. Лабораториялық зерттеулерге әсер ететін факторларды білмеуіне байланысты шыққан лабораториялық зерттеулердің нәтижесі дұрыс талданбайды және сәйкесінше емделушіге қатысты іс әрекеттер қате қабылданады.
Кейбірде емдейтін дәрігерлердің клиникалық сурет пен лабораториялық көрсеткіштердің сәйкес келмеуіне байланысты лабораториялық анализдерге жиі сұрақтары пайда болады. Талдау алдындағы кезеңнің бұзылуы мәселенің ең тығыз себебі болып табылады.
Талдау алдындағы кезең деген не? Талдау алдындағы кезең — бұл лабораториялық зерттеудің алдындағы іс-әрекеттер. Осы іс-әрекеттер міндетті түрде лаборатория нәтижелеріне әсер етеді. Үйлесімді өткізілген талдау алдындағы дайындық тиянақты және толық лабораториялық диагностиканың негізгі шарты болып табылады.
Зертханадан тыс талдау алдындағы кезең неден құралады?
-анализдің тағайындалуынан;
-емделушінің психологиялық және физикалық дайындығынан;
-бағыттың толтырылуынан;
-биоматериалдың алуынан;
-биоматериалды сақтау және жеткізуінен.
Жоғарыда көрсетілген құрамның әрқайсынан қате кетуі мүмкін.
Қорытынды
Талдау алдындағы кезең лаборантқа ғана емес және клиницист дәрігер маманына да маңызды. Осы кезеңге салақ қараушылық теріс терапиямен сәйкес.Осы факторларды білу тек пайдалы емес,барлығына білу міндетті, өйткені емделушінің денсаулығына ғана емес, кей кезде өміріне де қажет.