Балжанова Жүрсінай Даниярқызы, кардиолог медбикесі
ШЖҚ “Талдықорған қалалық 2 емхана ” МКҚ
Жүрек – қан тамыр жүйесі аурулары (ЖҚТЖ) қазіргі уақытта қоғамдағы маңызды денсаулық мәселелерінің бірі болып табылады. Мейіргердің рөлі ауруларды ерте анықтап, мониторинг жасап науқастың жағдайын бақылауда маңызды.
Мейіргердің диагностикадағы рөлі:
-Қан қысымын өлшеу — Мейіргер гипертонияны бақылап, дәрігерге мәлімет береді.
-ЭКГ түсіру– жүрек қызметін тексеріп, алғашқы қан мен зәр алып зерттеуге жібереді.
Мейіргердің мониторингтегі рөлі:
— Қан қысымын бақылау — гипертониялық дағдарыс кезінде мейіргер тұрақты бақылау жасайды.
— Жүрек соғу жиілігін бақылау — мейіргер жүрек ырғағын қадағалап, өзгерістерді дәрігерге хабарлайды.
— Пациенттің жалпы жағдайын бақылау — науқастың жағдайын тұрақты қадағалап, ауытқуларды дер кезінде байқап, шара қолданады.
Пациентпен жұмыс жасау:
— Мейіргер науқасқа ауруы туралы ақпарат беріп, психологиялық қолдау көрсетеді.
-Емдеу шаралары мен алдын – алу жөнінде кеңестер береді.
Мейіргер жүрек – қан тамыр жүйесі аурулары бар пациенттерге дер кезінде көмек көрсету, жағдайларын бақылау, диагностикаға қатысу арқылы маңызды рөл атқарады. Бұл қызмет науқастың өмір сапасын жақсартады және аурудың асқынуын болдырмайды. ЖҚТЖ қазіргі таңда әлемдегі өлім — жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл аурулар көбінесе адам өміріне қауіпті болғандықтан, оларды дер кезінде анықтап, емдеу өте маңызды. Мейіргердің рөлі бұл процесте өте зор, себебі ол пациенттің жағдайын бақылап, диагностикалық шараларды жүргізу кезінде маңызды көмек көрсетеді.
Мейіргердің диагностикадағы рөлі әр — түрлі міндеттерді орындауға бағытталған. Ол пациенттің пульсін, тыныс алу жиілігін, қан қысымын өлшеп, жүрек ритмін бақылап отырады.
Бұдан бөлек, мейіргер ЭКГ жазып, оның нәтижелерін дәрігерге хабарлайды, бұл жүрек ауруларын анықтауда маңызды ақпарат болып табылады. Сонымен қатар, қан және зәр анализдерін алу, жүрек-қан тамырлары жүйесінің функцияларын бағалауға көмектеседі.
Мониторинг барысында мейіргер пациенттің жағдайын тұрақты бақылап, оның қан қысымын
өлшеп, жүрек соғуын бақылап отырады. Бұл әсіресе гипертониялық дағдарыс немесе жүрек аритмиясы сияқты жағдайларда өте маңызды. Мейіргер пациенттің жағдайын бақылай отырып, дәрігерге хабарлайды және қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсетеді.
Мейіргердің рөлі тек физикалық тексерулермен шектелмейді, ол пациенттермен психологиялық жұмыс та жүргізеді. ЖҚТЖ бар пациенттер жиі стресс, алаңдаушылық және депрессиямен бетпе — бет келеді. Мейіргер пациентке ауруы туралы түсінік беріп, емдеу процесіне қатысты кеңестер мен нұсқаулар береді.
Осылайша, мейіргердің диагностикалық және мониторингтік рөлі жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларынан зардап шегетін науқастардың денсаулығын жақсартуға және олардың өмірін сақтауға маңызды ықпал етеді.