Жүкті әйел нені білуі керек!

Ана мен бала Мақала

Авторлар: ШЖҚ «Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы» КМК, Улкеншыған ауылдық дәрігерлік-амбулаториясының жалпы тәжірибелі мейірбикелері:

Қалиева Назгүл Нұрбекқызы – мейірбике.

Жақсыбекова Раушан Сламжанқызы – жалпы тәжірибелі мейірбике.

Нұрғожаева Шынар Каримханқызы – телімдік мейірбике.

Өмірге сәби әкелу — әйел заты үшін баға жетпес бақыт әрі жауапкершілік.                    

Кейде әйелдер өз бойында болып жатқан өзгерістерді байқамай қалуы мүмкін.  Жүктіліктің алғашқы белгілері қандай? Әйел жүкті екенін неше күнде біле алады?Бұл сұрақтардың жауабын бірге қарастырып көрейік.

Жүктіліктің ең айқын белгісі етеккірдің кешігуі болып есептеледі. Бірақ етеккір циклінің бұзулуының бірнеше себебі болуы мүмкін. Қан және зәр сараптамалары негізінде жүктілік жайлы білуге болады.

Жүрек айнуы- Тағы бір кеңінен тараған белгілердің бірі – жүрек айнуы. Көп жағдайда бұл 85 пайыз әйел адамдарда кездеседі. Ол токсикоздың белгісі.  Жүктіліктің бастапқы кезеңдерінде теңіз ауруы да алғашқы дабыл болуы да мүмкін. Бұрын бәрі жақсы болғанымен, енді сізді көлікте, ұшақта шайқап жіберуі мүмкін. Кейбір әйелдер жаяу жүргенде де жүрек айнуын сезінеді. Бұл жүктіліктің екінші аптасында пайда болады. Себебі, прогестерон ас қорыту процесін баяулатады.

— Жүктілік кезінде ұрықтың хромосомдық патологиясын (Даун,Патау,Эдвардс ) ауруларын анықтау мақсатында биохимиялық скринингтен өту қажет:

— бірінші рет  — жүктіліктің 10-14 аптасына

— екінші рет – жүктіліктің 16-21 аптасында

Жүктіліктің жоспарланған кезде экстрагениталдық немесе гинекологиялық патологияларды дер кезінде анықтау үшін терапевт,жалпы тәжрибелі дәрігері,акушер-гинеколог дәрігерінен медициналық тексеруден өту қажет.

Жүктіліктің 12-аптасына дейін тұрғылықты немесе тіркелген мекенжай бойынша емхананың әйелдер кеңесіне тіркелу керек.

Сәбидің туа біткен кемістікпен дүниеге келуінің алдын алу үшін ультрадыбыстық зерттеуден УДЗ өту қажет;

  • Алғаш ретжүктіліктің 10-14 аптасында,
  • Екінші рет жүктіліктің 20-24 аптасында
  • Үшінші рет жүктіліктің 32-34 аптасында

Жүктіліктің 22-аптасынан 37-аптасына дейінгі мерзімде баланың дүниеге келуі және салмағы 500 граммнан 2 500 граммға дейін, ал бойы 24-45 см аралығында боп дүниеге келуін – анасының ерте босануы деп атайды.                                                         

Ерте босанудың белгілері:

  • іштің және белдің сыздап ауыруы;
  • қынапқа және тік ішекке қысым түсуі;
  • зәр шығарудың жиілеуі;
  • жыныстық жолдан алқызыл түстес қанның көрінуі.

Егер жүкті әйелде осы белгілер байқалса, тез арада дәрігерге қаралу қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *