МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқтығынан жүкті әйелді есепке алудан бас тартуы мүмкін бе, жүктілік кезінде қандай қандай медициналық тексерулерді тегін алуға болады? Осы және өзге де болашақ аналарды толғандыратын сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жетісу облысы бойынша филиалы жауап берді.
1-жағдай:
Мені жүктілік бойынша есепке қоюдан бас тартты, себебі мен сақтандырылмағанмын. Менің 12 айға ақы төлеуге мүмкіндігім жоқ, не істеуім керек?
Жүктілік бойынша есепке тұру үшін әйелдің келесі мамандарға жүгінуге мүмкіндігі бар:
1) акушер-гинеколог – оның консультациясы МӘМС шеңберінде жүргізіледі, сондықтан қабылдауға жазылу үшін сақтандырылған болу қажет;
2) жалпы практика дәрігері және акушер – олардың қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі, адамның сақтандырылған мәртебесі қажет емес.
Яғни сақтандырылмаған жүкті әйелді емхананың учаскесінде қабылдауға және жүктілік бойынша есепке қоюға болады.
Жұмыссыз болса, есепке тұрғаннан үш күн ішінде әйел жеңілдікті санат – «Жұмыс істемейтін жүкті әйел» ретінде сақтандырылған мәртебесін алады және мемлекет ол үшін жарна төлейді. Бұл оған МӘМС тізбесіне кіретін қажетті тексерулерден, скринингтерден және т. б. өтуге мүмкіндік береді.
2-жағдай:
«Маған скринингтен және басқа перинаталды тексерулерден өту керек. Бірақ емханада жолдама берілмейді, өйткені мен сақтандырылмағанмын. Бұрын жұмыс істедім және жарналарды төледім, бірақ содан кейін жұмыстан шығып, МӘМС төлемін жасамадым. Бірақ жұмыс істемейтін жүкті әйелдер жеңілдік санатына кіреді емес пе. Неліктен мені МӘМС-ті пайдалану құқығынан айырады?»
Сіз дұрыс айтасыз, жұмыс істемейтін жүкті әйел жеңілдік мәртебесіне ие бола алады. Сақтандырылған мәртебесін алу үшін оны жүктілік бойынша есепке қою керек. Әдетте жүктілік бойынша есепке акушер-гинеколог қояды. Оны қабылдау МӘМС тізбесіне кіреді, яғни тек сақтандырылған әйелдерге ғана қолжетімді.
Алайда, егер әйел сақтандырылмаған болса, оны жалпы практика дәрігері немесе акушер қабылдап, жүктілік бойынша есепке қоя алады. Бұл дәрігердің қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. 3 күн ішінде әйел жеңілдікті санат ретінде сақтандырылған мәртебесін алады. Осыдан кейін ол МӘМС тізіміне кіретін барлық тексерулерге жолдама ала алады.
3- жағдай:
«Жеке клиникада жүкті әйелдерге ультрадыбыстық тексеруден өтуді, ақылы сараптама жасауды ұсынады. Егер мен жүктілік бойынша есепте болсам, мұны өз емханамда тегін өте аламын ба?»
Иә, қажетті тексерулер ТМККК және МӘМС шеңберінде қарастырылған, сондықтан оларды өз емханаңыздан өтуге болады.
Әйел жүктілік бойынша есепке тұрады, содан кейін акушер-гинеколог онымен жүктілік кезең бойына жұмыс жүргізеді. Жүкті әйелдің жеке картасы жасалады, оған айырбастау картасы беріледі. Міндетті тексеру тағайындалады, оған зертханалық талдаулар, хромосомалық патология және құрсақішілік ұрықтың туа біткен даму ақаулары бойынша тәуекел тобын анықтау үшін пренаталдық скрининг, ЭКГ, қажет болған жағдайда ЭхоЭКГ, бүйректің УДЗ, көрсетілімдер бойынша стоматолог пен отоларингологтың консультациясы кіреді. Яғни, сіз бұл тексерулер үшін жеке төлем жасамай, өз емханаңыздан өтуге құқығыңыз бар.
Егер қосымша сұрақтарыңыз болса, емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сұрағыңыз ол жерде шешілмесе жерде көмектесе алмаса, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: msqory.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы