Авторлар:Джанпеисова Нургиса Нурсултановна –медбике
Жексембаева Нагима Шедимбаевна-жалпы тәжірибелі медбике
Серикова Тоты Сериковна-жалпы тәжірибелі медбике
Жетісу облысы,Алакөл ауданы ШЖҚ Алакөл аудандық орталық ауруханасы, Достық ауылдық ауруханасы.
Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер (Sрігоһеtа) микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні — штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады. Денені қызарады, жара пайда болып кейіннен іріңдейді.Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), дененің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қырылдап қалады», адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сезсіз. Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айрылып кетуі, тіршілік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданылатын дәрінің бірі антибиотик — пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы саңырауқұлақтардан өндіріледі (Репіsеllinum). Сифилис жүкті анадан туылатын балаға тарауы мүмкін. Ол ауру болып туады. Сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.
Жыныс мүшелеріне шығатын ұшық сияқты вирустан болатын ауру. Әдетте адамның бетінде сулы көпіршік қалпында байқалады. Гениталды герпес жыныс қатынасы мен адам ағзасына жұғады. Кейіннен үлкен айық-айық жараға айналып кетеді де, қатты ауырып, нерв жүйесін хежеп жібереді. Адам өте ашушаң болады. Гениталды герпес алғашқы кезде түсі қызыл, бөртпе ретінде пайда болады. Кейін үлкен ірінді жараға айналып кетеді. Өте қиын емделетін аурулардың бірі. Гениталды герпес тұқым қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Өйткені ол анадан балаға таратылатын дәрігерлер анықтаған. Гениталды герпестен туындайтын қорытынды: бала соқыр боп тууы мүмкін. Керең болуы да сөзсіз. Өлі болып тууы да ғажап емес. Герпестен туындайтын күйзеліс, психологиялық азаб, бас ауыру, адам шаршап – шалдығып кетеді.