Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы не білу керек: әр адам үшін маңызды мәлімет

Жаңалық Профилактика

Қазіргі таңда еліміздің түрлі өңірлерінде ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) бойынша халықты ақпараттандыруға бағытталған дәрістер, тренингтер, кездесулер өткізіліп жатыр. Себебі бұл инфекциялар туралы білім — өзіңізді де, жақындарыңызды да қорғаудың маңызды қадамы.

ЖЖБИ деген не?
Бұл — қорғаныссыз жыныстық қатынас, стерильді емес құралдарды қолдану, немесе анадан балаға босану кезінде жұғатын жұқпалар. Олардың қатарына АИТВ, мерез, хламидиоз, адам папилломасы вирусы (АПВ), В гепатиті және герпес жатады.

Олар қаншалықты қауіпті?
Көптеген ЖЖБИ ұзақ уақыт бойы ешбір симптомсыз өтеді, бірақ салдары ауыр:

  • бедеулік,
  • жүктілік кезіндегі асқынулар,
  • созылмалы қабынулар,
  • онкологиялық аурулар (мысалы, жатыр мойны обыры),
  • АИТВ жұқтыру қаупі.

Инфекция қалай жұғады?

  • Қорғаныссыз жыныстық қатынас,
  • Стерильді емес ине, шприц,
  • Анадан балаға босану кезінде немесе емізу арқылы.

Қауіпті белгілерге мыналар жатады:

  • Ерекше бөлінділердің пайда болуы,
  • Несеп шығарғанда қышу немесе ашу,
  • Жыныс мүшелерінде жара немесе бөртпе.

Қалай қорғануға болады?

  • Әрдайым презерватив пайдаланыңыз,
  • Тұрақты тексерістен өтіп тұрыңыз,
  • Жыныстық серіктесіңізбен ашық сөйлесіңіз,
  • Басқа адамның жеке гигиеналық заттарын пайдаланбаңыз,
  • В гепатиті мен АПВ-ға қарсы вакцина алыңыз.

Егер диагноз расталса

  • Міндетті түрде ем қабылдау қажет,
  • Екі серіктес те емделуі тиіс,
  • Емдеу курсын тоқтатпау қажет,
  • Қайта тексерілу — емнің ажырамас бөлігі.

Жасөспірімдер мен жастар үшін:
Егер қайда жүгінуді білмесеңіз, өз емханаңыздағы Жастар денсаулығы орталығына барыңыз. Мұнда тегін және құпия түрде кеңес алуға болады.

ЖЖБИ – ескерусіз қалдыруға болмайтын тақырып. Алдын алу мен уақтылы ем – денсаулық кепілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *