Бескекилова Ж.Т., Абишева Г.Ш., Калияхметова Д.З.
ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» МКК медбикелері
ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциялар, оны кейде ЖРА–жіті респираторлық аурулар деп те атайды)–белгілері бойынша ұқсас, тыныс алу жолдарын зақымдаумен сипатталатын жалпы аурулар тобы.
ЖРВИ вирус–қоздырғышының таралу жолы–ауа арқылы тыныстағанда болады. Бактериялды қоздырғыш бар болғанда вирус жұққан заттар немесе тамақ арқылы берілуі мүмкін. Вирустар түрінің саны таң қалдырады, ЖРВИ қоздырғыштарының екі жүзден астам түрі бар. Олардың арасында барлығымызға таныс–ол тұмау, өзгеруге бейім және адамдарды өзінің әртүрлілігімен таң қалдырады (құс тұмауы, шошқа тұмауы…) және аз танылғандар жұпты тұмау, риновирустік, аденовирустік инфекциялар.
Инфекция көзі–ол ауру адам, әсіресе егер осы адам аурудың бастапқы сатысында жүрген болса: адам өзін ауырумын деп мойындағанға дейін қалжырау мен әлсіздікті сезіне отырып, вирус бөліп жүргенде ол өзінің айналасындағыларға–жұмыс ұжымына, қоғамдық көлікте бірге келе жатқандарға, отбасына жұққызып үлгереді. Инфекцияны таратудың негізгі жолы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінетін шырыш пен сілекейдің ұсақ бөлшектерімен ауа арқылы беру. Барлық адамдар ЖРВИ қоздырғышын қабылдағыш келеді деп айта алмаймыз, табиғи иммунитет деңгейі вирустың енуіне және ағзада дамуына жол бермеуі мүмкін, бірақ та стресс, нашар тамақтану, созылмалы аурулар, қатты тоңып қалу, нашар экологиялық жағдай қорғаныштық күштің деңгейін елеулі төмендетуі мүмкін, міне осы кезде вирус оған қажетті тінге енеді және көбейе бастайды да адам ауырады.
ЖРВИ–дің алғашқы белгілері оған түскен вирустардан тіршілікке қажетті өнімдердің ағзада интоксикациясы туындайды. Ондай белгілерге мыналар жатады: бастың ауыруы, ысу, қызу, сүйектердің сырқырауы, тәбеттің жоғалуы, жеңіл жүрек айнуы, сиреу–құсу, ағзаның жалпы әлсіздігі.
Жоғарғы тыныс алу жолдарындағы инфекциялық агенттің болуы өз кезегінде мыналардың болуына әкеледі: тамақтың жыбырлауы, тамақта әртүрлі қарқында ауырулар, жөтел, мұрыннан су ағу, мұрыннан сипаттық бөлінулердің болуы, түшкіру, дауыстың қарлығуы, тамақтың қызаруы.
Бұған қоса, егер сіз екпе алмасаңыз, тұмаудың уақытында емдемесеңіз немесе білікті медициналық көмекке жүгінбеген болсаңыз, онда бұл ауыру елеулі асқынуларға әкелуі мүмкін. Әрі соңғысы ауырудан да қорқынышты болуы мүмкін. Тұмаудың ең таралған асқынуы – бұл пневмония, бұлшық еттердің қабынуы, орталық жүйке жүйесінің инфекциясы және перикардит.
Тұмаудың ерекше алдын алу, вакцинация болып табылады – тұмауға қарсы алдын алудың анағұрлым тиімді әдісі. Егер, сіз уақытында екпе алған болсаңыз, тұмау вирусын жұқтырған жағдайда, сіз ауырудың ауыр өтуінен және мүмкін болатын одан әрі асқынуларынан аулақ боласыз.
Иммунитетті нығайтуға ықпал ететін барлық шараларды, мысалы мынадай дәрумендерге және ақуыздарға бай, иммунитет көтеретін дұрыс тамақты (жуа, сарымсақ, шөптерден, итмұрыннан, қарақаттан, шырғанақтан жасалған сұйықтықты молынан ішу және С дәрумені көп басқа да өнімдерді, мысалы, аштылған қырыққабат, мүкжидек, лимон, киви, мандарин, апельсин, грейпфрут) пайдалану. Шынығу, таза ауада көп болу. Егер ауырып қалсаң, қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте инфекцияны таратпас үшін үйінізге дәрігер шақырту.
Ауыру үйде болған кезде оны оқшаулауды қамтамасыз ету, ауруға да сау адамдарға да маскаларды пайдалану қажет. Үй – жайды жеңіл желдетіп, барлық үстіңгі қабаттарды сүрту арқылы ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу. Арнайы қадағалау көрсеткендей қолдарымыз 300 ретке дейін мұрыннан және көзден бөлінетіндермен, сілекеймен байланысатынын көрсетті. Сондықтанда қолды жиі және тұрақты жуып тұру қажет. Ең жақсысы ауруларды күткен уақытта немесе ауырып қалғанда антисептикпен қолды жуған дұрыс.
Әрқашан есіңізде болсын, тұмау асқынумен қауіпті, сондықтанда респираторлық аурулардың алғашқы белгілері пайда болғанда өздігінен ем қабылдамай, дереу дәрігерге қаралу қажет!