Авторлар:Саякова Айгүл Жарылқасыновна, емханалық жалпы тәжірибелі мейірбике
Рақымбаева Майра Мыңжасарқызы, емханалық жалпы тәжірибелі мейірбике
Сейдахметова Майнұр Садуовна, екпе (егу) бөлмесінің мейірбикесі
ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК
Жедел респираторлы вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау – халық арасында ең жиі кездесетін маусымдық аурулар. Бұл аурулар әсіресе күз-қыс мезгілінде кең таралып, жас балалар мен қарттар арасында асқыну қаупін тудырады. Аурудың таралуын болдырмау, ерте алдын алу – қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі басты міндеттердің бірі. Бұл ретте мейірбике қызметі ерекше рөл атқарады.
Мейірбике – алдын алудың алдыңғы шебінде
Мейірбикелер ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда жетекші орында. Олар:
Профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
Вакцинация ұйымдастырады және егеді
Ауру белгілерін ерте анықтап, тиісті маманға бағыттайды
Гигиеналық тәрбие жүргізеді
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары
- Халықты ақпараттандыру
Мейірбикелер емхана мен мектептерде, балабақшалар мен мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілерін, берілу жолдарын және алдын алу тәсілдерін түсіндіреді. Бұл шаралар арқылы халықтың санитарлық-гигиеналық сауаттылығы артады. - Иммундау (вакцинация) жұмысы
Тұмауға қарсы вакцина – аурудың алдын алудағы ең тиімді әдістердің бірі. Мейірбике екпе бөлмесінде вакцинаны дұрыс сақтап, уақытылы егу жұмыстарын жүргізіп, егілген адамның жағдайын бақылайды. Егуден кейінгі бақылау, асқынуларды болдырмау – мейірбикенің жауапкершілігі. - Қоғамдық орындарда сақтық шараларын үйрету
Мейірбике науқастарға жеке қорғану тәсілдерін – бетперде тағу, қолды жиі жуу, жөтел мен түшкіру әдебін сақтау туралы кеңес береді. Бұл әдеттерді күнделікті өмірге енгізу – аурудың таралуын азайтады. - Ауруларды ерте анықтау
Көбіне науқастар дәрігерге емес, алдымен мейірбикеге жүгінеді. Осы сәтті тиімді пайдаланып, мейірбике аурудың бастапқы белгілерін анықтап, ауру адамды оқшаулау және медициналық көмекке жіберу шараларын қабылдайды. - Асқынулардың алдын алу
Мейірбикелер тұмаудан кейінгі бронхит, отит, пневмония сияқты асқынулардың болмауына назар аударып, науқастың жағдайын қадағалап отырады.
Қорытынды
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу – тек дәрігердің емес, мейірбикенің кәсіби, жауапты жұмысына да тікелей байланысты. Әр мейірбике өз ісіне жауапкершілікпен қарап, халықпен тікелей жұмыс істей отырып, аурудың алдын алуға зор үлес қоса алады. Уақтылы екпе егу, санитарлық-ағарту жұмыстары және бақылау – мейірбике еңбегінің маңызын айқындайды.