ЖЕЛШЕШЕК

Медицина в РК

Бескекилова Ж.Т., Абишева Г.Ш., Калияхметова Д.З.

ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» МКК медбикелері

        Желшешек – кең таралған аурудың бірі. Ол ауыр емес, бірақ жағымсыз болып келеді.  Желшешекті вирустар шақырады және ол ауа-тамшылы жолмен жұғады. 

        Желшешек вирусы өте жұққыш және жабық жайда жылдам тарайды. Бала бақшада желшешек тарап жатырғанын естіп, қорқып кетпеңіз. Бұл ауруды бала кішкентай кезінде жұқтырғаны жөн. Желшешек жасөспірімдер мен ересектерде ауыр өтеді.

        Бөртпе – желшешектің негізгі белгісі. Ол бетке, шаштың арасына, денеге және қол-аяқтарға шығады. Бөртпе пайда болған кезде баланың температурасы көтеріле бастайды. Баланың тәбеті жоғалуы да мүмкін. Бөртпе бастапқыда алқызыл дақ секілді пайда болады. Одан соң ол сұйықтық толтырылған көпіршік сияқты болады. 2 күн өткен соң көпіршіктер қабықтана бастайды. Қабыршақтар 1-3 апта аралығында толықтай кетеді.

        Желшешек кезінде анаға да баласына да ең үлкен мәселе – терінің қатты қышуы. Баланың жасы кіші болған сайын оған оны қасуға болмайтындығын түсіндіру қиынға түседі. Егер бала бөртпені жиі қаси берсе, орнында дақ қалып қоюы мүмкін. Сондықтан балаға жақсылап түсіндіру  қажет.

Ата-аналар желшешекпен ауырған балаға күтім жасау:

        — Баланың тырнағын алып тастауды ұмытпаңыз. Егер бала өте кішкетай болса, мата қолғап кигізіп қойыңыз.

        — Баланың ішкі киімін күнде ауыстырып тұрыңыз. Ішкөйлектің табиғи матадан болуын ескеріңіз.

        — Төсек орнына да мән беріңіз. Крахмалданған төсек жайма салмаңыз. Олар денеге қатты болып келеді.

        — Үйдің температурасы жайлы болуын қадағалаңыз. Баланы қалың киіндірмеңіз. Ол қышыманы күшейтеді.

       — Ең қажет құрал – сіздің махаббатыңыз бен түрлі ойындар. Баланы алаңдататын ойындар ойлап тауып, көңілін көтеріңіз.

       — Көпіршіктерге жасыл дәрі жағыңыз (зелёнка). Ол көпіршіктерді құрғатуға көмектеседі.

       — Егер баланың аузына да бөртпе шықса, уақытылы фурацилин ерітінідісімен шайыңыз.

      — Желшешек кезінде баланың сұйық ішу режимін қадағалаңыз. Оның мәзірінде шырын, итмұрын қайнатпасы, мүкжидек морсы, қарақат шайы болғаны жақсы.

          — Жалпы ағзаны қуаттандыратын дәрумендер жайлы да ұмытпаңыз. Ол желшешекпен күресуге көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *