Автор: Абжанова Назгуль Сайлауовна, Жан сақтау бөлімінің мед бикесі
Қордай аудандық орталық ауыруханасы, Қордай ауылы
Жамбыл облысы
Кіріспе
Реанимация бөлімінің медбикесі ретінде, жедел ми қанайналымының бұзылуы (ЖМҚБ) бар науқастармен күнделікті жұмыс істей отырып, бұл жағдайдың қаншалықты ауыр және қауіпті екенін жақсы түсінемін. Инсульт кезінде көрсетілетін алғашқы көмек пен емдеу шаралары науқастың өмірі мен болашақтағы қалпына келуіне тікелей әсер етеді. Бұл мақалада мен ЖМҚБ-мен ауыратын науқастарға күтім жасаудың негізгі аспектілері туралы баяндалады.
ЖМҚБ бар науқастарды қабылдау
ЖМҚБ бар науқас реанимация бөліміне түскенде, біз уақыттың өте маңызды екенін түсінеміз. Әр минуттың маңызы зор, себебі ми тіндері қан ағымының жеткіліксіздігінен тез зақымдалады. Алғашқы 4,5 сағат ішінде (бұл «терапевтік терезе» деп аталады) көрсетілген көмек науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның толыққанды өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады.
Алғашқы қадамдар:
Науқас келген сәтте біз оның өмірлік маңызды көрсеткіштерін (қан қысымы, пульс, тыныс алу жиілігі, қандағы оттегінің деңгейі) дереу бағалаймыз.
Науқастың жағдайы тұрақсыз болса, тыныс алу жолдарын қамтамасыз етіп, оттегі терапиясын бастаймыз.
Қажет болған жағдайда, дәрігерлермен бірге тромболитикалық терапияны бастау үшін науқастың диагностикасы тез арада жүргізіледі.
Науқасқа күтім жасау
ЖМҚБ-мен ауыратын науқастар реанимацияда ұзақ уақыт жатып қалуы мүмкін, бұл пролежни, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары асқынуларына әкеледі. Медбике ретінде менің міндетім — осы асқынулардың алдын алу және науқастың жалпы жағдайын бақылау.
- Пролежнидің алдын алу Ұзақ уақыт қозғалмай жатқан науқастарда терінің ұзақ қысымға ұшыраған аймақтарында пролежни пайда болуы мүмкін. Пролежнидің алдын алу үшін:
Науқастың дене қалпын әр 2 сағат сайын өзгертеміз.
Тері күтіміне ерекше мән береміз — теріні таза және құрғақ ұстап, арнайы кремдер мен лосьондарды қолданамыз.
Арнайы ортопедиялық матрастарды қолдану арқылы науқастың денесіне түсетін қысымды азайтамыз.
- Тыныс алу жүйесін қолдау ЖМҚБ-дан кейін тыныс алу функциясы жиі бұзылуы мүмкін, сондықтан біз:
Тыныс алу жолдарын тазалау үшін ингаляциялық терапияны қолданамыз.
Өкпенің тұрып қалу синдромының алдын алу үшін науқасты төсекте отыру қалпында ұстаймыз және кеуде қуысына жеңіл массаж жасаймыз.
- Күнделікті бақылау және күтім
Қан қысымы мен дене температурасы үнемі бақыланады. Қан қысымы инсульттан кейінгі жағдайды нашарлатуы мүмкін, сондықтан оны қалыпты деңгейде ұстап тұру өте маңызды.
Тыныс алу жиілігі мен тереңдігін қадағалаймыз, оттегімен қамтамасыз етуді реттейміз.
Науқастың тамақтануы мен сұйықтық қабылдауы бақыланады, қажет болған жағдайда назогастральды зонд немесе парентеральді тамақтандыру жүргізіледі.
Психологиялық қолдау
ЖМҚБ-мен ауыратын науқастар физикалық қиындықтармен қатар, ауыр психологиялық күйзелісті де бастан кешіреді. Олардың көпшілігі сөйлеу, қозғалыс немесе өз бетінше әрекет ету қабілеттерінен айырылып қалады. Бұл жағдай оларды үрейге, депрессияға және эмоционалды күйзелістерге әкелуі мүмкін. Медбике ретінде мен науқастармен тілдесіп, оларға моральдық қолдау көрсетемін. Бұл науқастың жағдайын жақсартуға көмектесетін маңызды аспект.
Массаж және оңалту шаралары
Массаж ЖМҚБ-дан кейінгі оңалту процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол бұлшықет тонусын қалпына келтіруге және қан айналымын жақсартуға көмектеседі.
Жеңіл массаж — науқастың дене қалпын өзгертумен қатар, бұлшықет тонусын сақтау үшін қолданылады.
Физиотерапиялық жаттығулар — науқастың қозғалыс функцияларын қалпына келтіру үшін дәрігер-физиотерапевтпен бірлесіп жүргізіледі.
Медбикенің рөлі
Реанимация бөлімінде жұмыс істей отырып, менің міндетім — дәрігерлермен тығыз байланыста болу, науқастың жағдайын бақылау және олардың өмірлік көрсеткіштерін жақсарту үшін үздіксіз қолдау көрсету. ЖМҚБ бар науқастарға күтім жасау медициналық білімді ғана емес, сонымен қатар ерекше қамқорлық пен төзімділікті талап етеді.
Науқастардың жағдайының жақсаруына ықпал ететін әрбір іс-әрекет — уақтылы көрсетілген көмек, тұрақты күтім және оңалту — науқастың болашақтағы өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Қорытынды
ЖМҚБ-мен ауыратын науқастар реанимация бөлімінде жедел әрі кешенді күтімді қажет етеді. Медбикенің кәсіби күтімі мен қолдауы бұл науқастардың қалпына келу үдерісінде маңызды рөл атқарады. Олардың физикалық саулығын қалпына келтірумен қатар, эмоционалдық жағдайына да көңіл бөлу қажет. Реанимациядағы әрбір сәт — науқастың өмір сүру мүмкіндігі мен сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
керемет сайт екен. рақмет
Рақмет керемет сайт,
Керемет