Жатыр түтіктерінің өтімділігін тексеру

Гинекология

Авторлар: Алданбекова Жанар Алданбековна, участковая медицинская сестра, Жумагелдинова Уаш Кыдырбековна, медицинская сестра, Абуова Гулзат Аманжоловна медицинская сестра, ГКП на ПХВ Аксуская ЦРБ

Жатыр аурулары, әдетте, Жатырдың қабынуы және Жатыр ісіктері болып екі топқа бөлінеді. Жатырдың қабынуы жасанды түсіктен кейін немесе босанғаннан кейін шырышты және бұлшық етті қабаттары жараланып, іріңдеуінен болады. Бұл кезде әйелдің дене температурасы 38 — 390С-қа дейін көтеріліп, қан тамырлары тарылып, жүрек соғысы жиілейді. Әйел безгек тигендей қалтырап, Жатырдың жиырылуы төмендейді. Жатыр қуысынан ірің аралас, жағымсыз иісі бар сұйықтық бөлінеді. Жатырдың қабынуына: эндомиометрияметроэндометритпараметрит, т.б. жатады. Жатыр қабынуының созылмалы түрі әр түрлі жұқпалы аурулардың (туберкулезмерезактиномикоз) асқынуынан болады. Жатырдың қабынуын емдеу үшін Жатыр мойнының каналы және Жатыр қуысын тазалап, түрлі антибиотиктермен жуады; антибактериалдық терапия қолданылады. Жатыр ісіктері де екі топқа (қатерсіз ісікқатерлі ісік) бөлінеді. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетіні — миома. Бұл бірыңғай салалы ет тінінен (жатыр, қарынішектері етінен) өседі. Жатыр миомасы кезінде ұзақ уақыт қан кетіп, адамды анемияға шалдықтырады, қуықты, қуыққа келетін қан тамырларын, жүйке талшықтарын ісік басады. Ісік 30 — 35 жастағы әйелдерде пайда болып климакс мерзіміне дейін өсе беруі мүмкін. Миоманың түрі өте көп, өте жиі кездесетін түрі — Жатыр фибромиомасы. Бұл ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан пайда болады. Алғашқы кезде ауру белгісіз өтеді. Ауру асқынғанда кіндіктің төменгі жағы шаншып ауырады. Етеккір мерзімі бұзылып, Жатырдан көп қан кетуі мүмкін. Жатыр миомасы, Жатыр фибромиомасы бар әйелдер, көбінесе, бала көтермей қалуы мүмкін. Сондықтан, әр түрлі қабыну ауруларын өз мезгілінде емдеу керек; 30 жастан асқан әйелдер жылына 2 — 3 рет әйелдер консультациясына барып тексеріліп тұруы қажет. Жатырдың қатерлі ісігіне жатыр рагысаркома, т. б. әйелдің жыныс мүшесінде кездесетін аурулар жатады (қ. Қатерлі ісік).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *