Естен тану. Талу.

Мақала Первая помощь Скорая помощь

Авторлар: Курмаева Гульмира Маликовна -старший врач скорой помощи.
Бижанова Роза Тортаевна- старший врач скорой помощи.
Сурамбекова Айнур Рахимтурдиевна- врач выездной бригады скорой помощи. Талдыкорган

Талу- бас миының өтпелі ишемиясы туындатқан кенеттен есті жоғалту.

Түрлері:

  • Нейрогенді. Психикалық факторларға байланысты ( эмоционалды стресс, ауырсыну).
  • ⁠Вазодепрессорлық. Перифериялық көк тамырлар мен артериялардың тонусының кенеттен төмендеуінен болады.
  • ⁠Кардиогенді. Жүректік шығарылудың төмендеуінде, аритмияда, миокардитте және басқа жүрек ауруларында болады.
  • ⁠Анемиялық.
  • ⁠Гипогликемиялық. Қандағы глюкоза деңгейі төмендегенде болады.
  • ⁠Жөтелдік. Жөтел ұстамасы созылған кезде болады.

Қауіп қатер факторлары:

  • артериалдық гипотензия ,
  • брадикардия,
  • айналымдағы қан көлемінің азаюы,
  • жүректік шығарылымның төмендеуі,
  • жүрек ырғағының бұзылуы,
  • цереброваскулярлық аурулар,
  • анафилаксиялық реакция,
  • эмоциялар.

Клиникалық көріністері: естен тану бір біріне ауысатын 3 кезеңнен тұрады.

Естен тану алдындағы жағдай, естен тану кезеңі және қалпына келу кезеңі.
Естен тану алды кезеңінде жалпы әлсіздік, жүрек айнуы, кеудесінде қысу сезімі пайда болады. Естен тану сезімі пайда болып, көзі қарауытады. Құлағы шуылдап, еріні, аяқ-қолы дірілдейді. Одан әрі естен тану кезеңінде әлсіздік өршиді, денесінде қызу сезімі пайда болып, тері жабындары бозарып, бұлшық еттер тонусы төмендейді. Пациент біртіндеп отырған тәрізді болып құлап, есінен танады. Естен тану кезеңі бірнеше секундтан минуттарға созылуы мүмкін. Естен тану кезеңінде дене қозғалыссыз күйде, көзі жұмылған, қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіреген, тыныс алуы беткей, тамыр соғысы әлсіз, сирек, артериялық қысым 90/50 мм с. б төмен , бұлшық еттер толығымен босаңсыған күйде болады. Қалпына келу кезеңінде есін тез, бірнеше секундта жияды. Тері жабындары бозарған, суық тер басқан , артериялық қысым төмен болады.

Жедел көмек: Пациентті арқасына жатқызып, басын бүйірге бұру, аяғын шамалы көтеру. Мойынын және көкірегін қысып тұрған киімнен босату. Терезені ашып таза ауа кіргізу. Бетіне суық су бүрку немесе өткір иісті сұйықтық иіскету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *