Екпе –бала күтіміндегі ең маңызды сұрақтардың бірі. Өкінішке орай, ата–аналардың көпшілігі қандай ауруларды алдын–алуға болатынын, сонымен қатар, қашан және қай уақытта жоспарлы екпені алуға болатынын білмейді. Осыған байланысты жоспарлы екпенің уақыты жақындаған кезде ата–аналардың екпенің қауіпсіздігі туралы қорқыныштары пайда болады. Екпе алу арқылы адам ағзасында кейбір ауруларға деген жасанды иммунитет пайда болады.
Қазақстан Республикасында халықаралық алдын алу екпелерінің күнтізбесі бар. Бұл құжатта екпенің түрі мен егілу уақыты нақтыланған. Екпе алу уақыты бала ағзасының иммундық жауабының толық жүзеге асырылу мүмкіндігіне байланысты. Екпе күнтізбесіндегі барлық екпелер ақысыз түрде жүргізіледі.
Вакцинация–балалар мен халықты көптеген жұқпалы аурулардан қорғайтын ең тиімді жол. Вакцина инфекциямен қатынаста болған кезде микроорганизмдердің дамуына тосқауыл болатын қорғаныш антиденелерді шығарады. Сол кезде ауырған жағдайдың өзінде, ауру жеңіл түрде өтеді.
Вакцинация арқылы әр түрлі инфекциялық аурулардың санын азайтуға, ал кейбір ауруларды мүлдем жоюға болады.
Ағза үшін жат нәрсе болғандықтан, кей кезде вакцина жергілікті немесе жалпы реакциялар тудыруы мүмкін. Бірақ, бұл реакциялар сол аурудың асқынған жағдайы мен сол аурудың алып келуі мүмкін зардаптарына қарағанда өте сирек кездеседі. Екпе алғаннан кейінгі реакциялар жеңіл түрде немесе өте тез өтеді.
Ата–аналардың сенімсіздігіне келер болсақ, республикада халықты иммунизациялау кезінде, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар ғана қолданылады. Сонымен қатар, қолданыс алдында әрбір вакцина қажетті көптеген тексерістерден өтіп, қолданысқа ие болған кезден кейін де кезекті тексерістерден өтіп тұрады.
Вакцинацияның арқасында жер бетінде 1978 жылдан бастап, көптеген адамдардың өмірін алған табиғи шешек ауруы жойылды.
Екпенің дер кезінде алынбауы, инфекцияға сезімтал адамдардың көбеюі мен ірі аурудың бұрқ етуіне әкеледі. 1995 жылы Қазақстан Республикасында 1005 ауру жағдайы және 30 өлім жағдайымен аяқталған ең ірі дифтерия ауруының бұрқ етуі тіркелді. Ауруды алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында 1995–1996 жылдар аралығында 3 жастан 60 жасқа дейінгі халықты қамтыған жаппай иммундау өтті. Жаппай иммундаудың арқасында дифтерия ауруы жағдайларының тіркелуі азайды.
2023 жылы әлем бойынша қызылша жұқпасының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз болуда, осыған орай елімізде қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Қосымша иммундау арқылы жұқпаның тіркелуін азайта аламыз.
Әр адамның екпе алуының еріктілігіне келер болсақ, заң бойынша Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау» Кодексіне сәйкес, халықтың инфекциялық ауруларды алдын–алуға арналған вакцинациясы міндетті. Себебі, вакцинация екпе алушының ғана емес, сонымен қатар, барлық халықтың да назарында.
Автор: Л.Асылбекова, Көксу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы