Денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымдарындағы тамақтану нысандарын бақылау тәсілдерін өзгертеді

Жаңалық

Маңғыстау облысында орын алған оқушылардың жаппай улану оқиғасы білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруды мемлекеттік бақылау тәсілдерін қайта қарау қажеттігін көрсетті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселені жүйелі шешу үшін білім беру мекемелеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды болдырмауға бағытталған жаңа бақылау тәсілдерін әзірледі. Енді балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беру, тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастау және санитариялық талаптарға сәйкестікті бағалау мақсатында мониторингтік сапарлар енгізу жоспарланып отыр.

Қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекс нормалары қазіргі уақытта балалар болатын барлық нысандарды толық қамтып, тиімді мемлекеттік бақылау жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Мемлекет басшысының мектеп асханаларында балаларды топтық улану фактілері бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп, Маңғыстау облысындағы білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексерулер жүргізуде.

Өңір бойынша тексерілуі тиіс 72 нысан анықталды, қазіргі таңда 14 мектептің ас блогы қамтылды.

Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің, Бас прокуратураның және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері кірді.

Денсаулық сақтау министрлігінен жұмыс тобына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің мамандары және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының өкілдері енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *