Медициналық қызметкерлер, Шарабасова К.Ж, Жанткеева Г.К, Кызайбаева Ж.К.
ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы»МКК
Денсаулық – ауру мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды.
Медициналық-әлеуметтік зерттеулердегі денсаулық деңгейлерін келесідей топтайды:
- жеке адам денсаулығы.
- этникалық немесе кіші топ денсаулығы — топтық денсаулық.
- тұрғындар денсаулығы, яғни нақты әкімшілік — аумақтық бірлікте (аудан, қала, облыс т.б.) тұратындар.
- қоғамдық денсаулық — қоғам ел тұрғындарының, континент, әлем денсаулығы.
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы және т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының және ұйқы ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, салауатты өмір салтын ұстануына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Демі бардың — емі бар» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау өзіндік медициналық ғылым ретінде профилактикалық қызмет көрсетуді өңдеу мақсатымен тұрғын денсаулығына қоршаған орта жағдайларының және әлеуметтік фактор әсерін оқиды. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау әртүрлі медициналық аспектілердің (әлеуметтік, экономикалық, басқармалық т.б.) кең шеңберін оқумен айналысады.
Түсініктің келесі анықтамасы анықталған: «Қоғамдық денсаулық — өмір қауіпсіздігін және сапаның тиімді деңгейін қамтамасыз ететін, тұрғындардың өмір салтын және қоршаған орта әртүрлі факторлардың әсерімен негізделген елдің маңызды әлеуметтік -экономикалық потенциалы».
Әртүрлі клиникалық пәндерге қарағанда қоғамдық денсаулық жеке алынған индивидумдардың емес, ұйымдардың денсаулық жағдайын оқиды. Бұнда өмір жағдайы, өндірістік қатынас экономикалық кезеңдер жағдайын анықтаушы болып табылады.
Физика, химия, биология саласындағы ұлы ашушылар, тұрғындардың 20 ғасырдағы урбанизациясы, көптеген елдердегі өнеркәсіптердің дамуы, құрылыстың үлкен көлемдері, ауыл экологиясының химизациясы тұрғын денсаулығына әсер етіп өзінің жайылымы бойынша эпидемиологиялық сипатқа ие болатын аурулар тұдырады.
Ғылыми — техникалық прогресс және қоғамдық денсаулық жағдай арасындағы антропогонистік карама-қайшылық біздің елімізде профилактикалық шараларды мемлекеттің бағалау салдарынан туындайды. Осыған орай біздің ғылымның тапсырмаларының бірі болып осындай қарама — қайшылыктарды шешу және қоғам денсаулығына кері әсерін тигізетін жағымсыз көріністер мен факторлардың профилактикасы бойынша ұсыныстарды өңдеу болып табылады.
Халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуы үшін тұрғын саны туралы акпарат, оның болжамдарын анықтау маңызды орын алады. Қоғамдық денсаулық демографиялық процестерді зерттей отыра тұрғын дамуының заңдылықтарын анықтайды, болашақты болжайды, тұрғын санын мемлекеттік болжау бойынша ұсыныстарды өңдейді.
Сонымен қоғамдық денсаулық бір уакытта әлеуметтік, тәрбиелік, биологиялық, геофизикалық және т.б. факторлардың комплекстік әсерімен сипатталады. Бұл факторлардың көбісі қауіп факторы ретінде анықталуы мүмкін. Аурудың қауіп факторлары дегеніміз не?
Қауіпті факторлар — аурулардың даму мүмкіншілігін жоғарылататын, олардың асқынуын және жағымсыз аяқталуын тудыратын өндірістік және қоршаған ортаның әлеуметтік, экологиялық, генетикалық, биологиялық, тәртіптік сипаттағы потенциалды қауіпті факторлар.
Аурудың тікелей себептеріне қарағанда (бактериялар, вирустар, микроэлементтер жеткіліксіздігі т.б.) қауіп факторы туындауына және әрі қарай дамуына жағымсыз фон тудырады.
Қоғамдық денсаулықты оқыған кезде факторларды келесі топтарға біріктіреді:
Әлеуметтік — экономикалық факторлар, (еңбек, тұрғын жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі, тамақтану сапасы және деңгейі, демалыс т.б.)
Әлеуметтік — биологиялық факторлар (жасы, жынысы, тұқымқуалаушылық т.б.)
Экологиялык және табиғи — климаттық факторлар (тұрғын ортаның ластануы, орташа жылдық температура, экстремалдық табиғи — климаттық фактордың саны т.б.)
Ұйымдастырушылық және медициналық факторлар (тұрғындардың медициналық көмекпен қамтуы, медициналық көмек сапасы, мадициналық-әлеуметтік.