Авторлар: Мергенбаева Перизат Муратқызы — клиникалық фармакология
және ауруханалық фармация бөлімінің мейірбикесі,
Шантиева Гаухар Аскаровна — жұқпалы аурулар бөлімінің мейірбикесі
Сазабек Марияхан Абенқызы — зарарсыздандыру бөлмесінің мейірбикесі
ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» МКК
Кіріспе
Вирустық гепатиттер – бауырды зақымдайтын жұқпалы аурулардың кең тараған түрі. Әсіресе гепатит B және C – созылмалы түрге өтуге бейім, ауыр асқынуларға әкелетін, денсаулық сақтау жүйесі үшін жаһандық мәселе болып табылады. Бұл аурулар көбіне жасырын түрде жүреді және бауыр циррозы мен гепатоцеллюлярлы карциномаға (бауыр ісігіне) әкелуі мүмкін.
Мейірбике – гепатиттің алдын алуда, ерте анықтауда және науқастармен жұмыста маңызды рөл атқаратын медицина қызметкері.
Гепатит B және C туралы жалпы мәлімет
Гепатит B (HBV)
ДНҚ құрамды вирус
Иммунитеті күшті адамдарда жедел түрде жазылып кетуі мүмкін
Созылмалы түрі бауырдың фиброзына, циррозына немесе обырына әкеледі
Вакцина бар (қорғаныс тиімділігі 95% жуық)
Гепатит C (HCV)
РНҚ құрамды вирус
Жиі жасырын (симптомсыз) өтеді
Созылмалы түрі 60–80% жағдайда дамиды
Вакцина әзірше жоқ, бірақ емделуі мүмкін (тікелей әсер ететін антивирустық препараттар)
Таралу жолдары
Жолдары B гепатиті C гепатиті
Қан арқылы Иә Иә
Жыныстық қатынас Иә Сирек
Анадан балаға (перинаталдық) Иә Сирек
Инфекцияланған инелер, құралдар Иә Иә
Тұрмыстық жол (тіс щеткасы, ұстара) Сирек Сирек
Клиникалық белгілері
Әлсіздік, тез шаршау
Көздің және терінің сарғаюы
Іштегі ауырлық, оң қабырға астындағы ауырсыну
Тәбеттің жоғалуы, жүрек айну
Қара түсті зәр, ашық түсті нәжіс
Көп жағдайда гепатит C ешбір белгісіз өтеді, тек асқыну сатысында анықталады.
Диагностика
HBsAg, Anti-HBc – B гепатитін анықтау
Anti-HCV, HCV-RNA – C гепатитін анықтау
Бауыр ферменттері (ALT, AST), УДЗ, фиброскан, биопсия
Алдын алу шаралары
Гепатит B үшін:
Балаларға және ересектерге вакцинация (0–1–6 айлық схема)
Қан құю кезінде донорлық қанның сапасын бақылау
Бір реттік құралдарды пайдалану
Медициналық аспаптарды дұрыс стерилизациялау
Жыныстық жолмен жұғудың алдын алу (жеке қорғану құралдары)
Гепатит C үшін:
Вакцина болмағандықтан, алдын алу тек жұғу жолдарын бұғаттау арқылы жүргізіледі:
Бір реттік шприц, ине қолдану
Стерильді құралдарды пайдалану
Медициналық қызметкерлер үшін қауіпсіз инъекциялық практика
Қанмен жұмыс істегенде қорғаныс құралдарын пайдалану
Мейірбикенің рөлі
Пациентке аурудың алдын алу бойынша кеңес беру
Вакцинация жүргізу және бақылау
Медициналық құралдарды дұрыс зарарсыздандыру
Қауіпсіз инъекциялық техниканы сақтау
Қанмен, биологиялық сұйықтықпен жұмыс істеу кезінде қорғаныс шараларын орындау
Гепатитке тексеруден өтуді ұсыну
Ауру жұқтырған науқастармен этикалық, құпиялылық қағидаттары бойынша жұмыс істеу
Қорытынды
Гепатит B және C – денсаулық сақтау жүйесінде өзекті проблема болып отырған, созылмалы және асқыну қаупі жоғары аурулар. Бұл дерттердің таралуын тоқтату үшін тиімді алдын алу шараларын қолдану қажет. Бұл бағытта мейірбике – алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды тұлға. Оның кәсіби біліктілігі, қырағылығы мен жауапкершілігі — жұқпалы аурулармен күресте шешуші рөл атқарады.