ГЕПАТИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Қоғам Медицина Медицина в РК

Дуйсенбекова А.С., Суханова О.М., Байтенова Г.У

Медсестры ГКП на ПХВ «Областная больница» города Талдыкорган

ДДСҰ мәліметтері бойынша, планетаның әрбір үшінші тұрғыны вирустық гепатитпен ауырады. Ол әлемдегі екі миллиардқа жуық адамды, яғни планетаның әрбір үшінші тұрғынын тағдырын сан-саққа ұруда. 325 миллион адам В немесе С вирустық гепатитімен өмір сүреді, жыл сайын 900 мың адам В вирустық гепатитінен қайтыс болады. В және С гепатиті өлімнің ең көп тараған себебі болып табылады, олар жыл сайын 1,4 миллион адам қайтыс болады.

Қазақстанда вирустық гепатит диагнозымен D-тіркеуде 49175 ересек пациент бар, оның ішінде 23233 адам С гепатиті, 22977 адам В гепатиті, 1252 адам Д гепатиті, 5976 бауыр циррозы, 500-ден астамы С гепатитімен ауырады. Жыл сайын 28 шілдеде дүниежүзінде Гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі. Осы жолы бұл шара «Ресурстарды гепатитті жоюға жұмсайық!» ұранымен өтеді, әр адамды сырқатпен қалай күресуге болатынын білуге шақырады.

Гепатит — бауырдың қабынуы. Оның: A, B, C, D және E деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Бәрінен қауіптісі — Е гепатиті. Оны ерте анықтау қиын. Сырқаттардың 90 пайызы — өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілерінің бірі — сарғаю. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін. Сол себепті өзін жайсыз сезінген адам денсаулығы мен ағзасында болып жатқан өзгерістерге мұқият зер салғаны абзал. Вирус организмге түскеннен кейін бауыр жасушаларын зақымдап, оның қызметі бұзылады. Қабынған бауыр дер кезінде емделмесе жасушылардың орнында ешбір функция атқармайтын пайдасыз тін пайда болады. Кейін ол фиброз, циррозға немесе қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.

Таралу жолдары:А  және Е гепатиті вирусы жуылмаған азық-түлік арқылы, ал қалған түрлері жыныстық жолмен және қан арқылы таралады. Егер дұрыстап зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақтаған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен таралмайды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал. Вирусты гепатиттен сақтанудың ең сенімді жолы  — алдын ала жүргізілетін профилактикалық вакцинация.  Вирусты гепатиттердің ішінде гепатиттің «А» және «В» түріне қарсы егу жүргізіледі.

«А» вирусты гепатитіне қарсы 2 жасқа толған балалар, бұрын егілмеген 14 жасқа дейінгі балалар егіледі.Вакцинацияның толық курсы 2 егуден тұрады, 2 егудің арасы 6 ай

Соңғы 25 жылда Қазақстанда В гепатиттіне шалдыққандар саны 30 есе азайған. Қазақстандық гепатологтар 2018-2022 жылдар аралығында С гепатиті вирусынан 30 мыңнан астам науқасты аурудан айығуға үлкен үлес қосты.

Қазір A, B, D және E гепатитіне қарсы вакциналар бар. Өкінішке орай, олардың бағасын қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге жасалған жоқ.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деп айтып өткендей,өз денсаулықтарыңыз бен болашақтарыңызға салғырт қарамай вакцина салуға сіздерді шақырамыз.Дені сау ұрпақ болашағымыздың жарқын кепілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *