Гельминтоздар

Uncategorized

Автор: Жумадилова Раушан Нурмуханбетовна,фельдшер лаборант 

 Желеуова Эльмира Макановна, лаборант

«ГКП на ПХВ» СБ п.Достык  клинико-дианностическая лаборатория ,

Жетысуский область Алакольский район

Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп  аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға  ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе  ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі  кездеседі.

Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.

Клиникасы: Аурудың айқындалуы-личинкалар қанда болғанда бала әлсіздік сезініп, кейде жөтеліп, үстіне бөртпе шығуы  мүмкін.

Аскаридалар ішекте болған кезде баланың жалпы жағдайы  бұзылып, жүрегі айнып, іші ауырып, тәбеті төмендеп, шаршағыш болады, салмағы  кемиді.

Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады-аутоинвазия.

Клиникасы: Баланың іші  ауырады, құйрығы қышиды, ұйқысы бұзылады,  тәбеті төмендейді.

Гельминтоздардың диагностикасы: Нәжісті гельминттер жұмыртқасына тексереді, тік ішектен және анустың  айналасынан қырынды алынады.

Емі және күтімі:

1.Баланың тырнақтарын  қысқа етіп  алып тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.

2.Ауырған баланың жанұясындағы  барлық мүшелерін тексеріп, емдеу  керек.

3.Гельминттерге қарсы  дәрілер беру-пиперазин адипинатын, декарис, вермокс, гельминтокс  т.б. жасына байланысты тағайындау.

4.Оттегімен емдеу /оттегіні  асқазанға немесе тік ішекке  жіберу/.

Алдын алуы:

1.      Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

2.      Шыбындармен күресу.

3.      Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.

4.      Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.

5.      Балаларды коллектике жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *