Авторлары: Омарова Айнара Ержановна, дәрігер
Зейтенгазина Айдана Зейтенгазықызы,дәрігер
Назарбекова Айдана Серікқазықызы, дәрігер
ШЖҚ «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК
Вейперлер ауруы (EVALI, E-cigarette and Vaping use-Associated Lung Injury) — электронды темекі қолданылуынан дамитын инфекциялық емес респираторлы ауру.
EVALI — жаңадан пайда болған қауіпті аурулардың бірі, алғаш АҚШ-та 2012 жылы тіркелген. Бұл аурудың зияндылығы тез дәлелденсе де, қоғамда электронды темекінің жай темекіден зияны аз деп ойлатындардың саны көп. Вейпинг – құрамында никотин, каннабиноидтар, иістендіргіштер және басқа қоспалар қосылған электронды темекінің сұйықтығының немесе балауызының қыздырылуынан туындайтын аэрозольды иіскеу процессі.
Бүгінде жасөспірімдер және жастар арасында эпидемияға айналуда. 2020 жылы 18 ақпанда АҚШ-та «Аурулардың алдын алу және бақылау орталығына» АҚШ-тың 50 штатында осы EVALI ауруынан ауруханаға түскен және өлген адамдардың саны 2807 болғаны туралы хабарлама түскен. Аурудың алғашқы белгілеріне жөтел, ентікпе, кеуде қуысындағы ауырсыну жатады, электронды темекі және вейпті қолданғаннан соң бірнеше аптадан кейін пайда болады. Сонымен қатар тахикардия (жүректің жылдам соғуы), қызудың жоғарылауы, іштің ауырсынуы, іштің өтуі сияқты клиникалық белгілері бар. Ең асқынған түрінде науқаста тыныс жетіспеушілігі пайда болып, реанимацияға түсіп, өкпенің жасынды желдетілуіне мұқтаж болады, арты өлімге әкелуге мүмкін.
EVALI ауруы басқа респираторлы ауруларды жоққа шығарғаннан соң қойылатын ауру. Ең бірінші науқастың анамнезі мұқият жиналуы керек, электронды темекіні қолданытыны немесе қолданбайтыны туралы нақты ақпарат болуы тиіс. Кейбір ата-анасымен ауруханаға келген жасөспірімдер электронды темекі қолданатынын жасырып қалады. EVALI ауруына күмәң болғанда кеуде қуысының рентенографиясы немесе компьютерлік томографиясы жасалынуы тиіс. Бұл аурудың арнайы емі жоқ, аурудың дәрежесіне, клиникалық белгілері байланысты ем алады.
Тек қоғамда ғана емес, дәрігерлер арасында да өкпенің вейпке байланысты зақымдалуы туралы, оның емі, алдын-алу жолдары жөнінде ақпараттарды тарату маңызды.