Буын, сүйек жарақаттары кезіндегі алғашқы жәрдем

Мақала Терапия

Авторлар:Султангазиева Кумискан Айсаевна  Егу бөлімінің мед. Бикесі

Тынистамова Айсулу Наурызбаевна ЦСО автоклав Мед бике

Нургелдина  Ардақ Нурлыжигитовна Ревмотолог мед бике

Жетысу обл.Талдыкорган каласы. Калалык емхана № 1.

Буын, сүйек жарақаттары кезіндегі алғашқы жәрдем

Сіңір,буын,сүйек жарақаттары кезіндегі алғашқы жәрдем Сіңірдің созылуы-адам абайсызда ойлы-шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқ басы бұралып,сіңірі созылып кетеді. Сіңірдің созылған жері шыдатпай ауырып, ісінеді. Алғашқы жәрдем-ісінген жерге суық шүберек басып, қатты таңып тастау. Кейінірек дәрігерге көріну қажет. Буынның шығуы-адам жығылғанда,өте ауыр зат көтергенде,ебедейсіз қимылдағанда сүйек басының таюы. Мұндайда буын қапшығы созылып немесе жарылып кетуі мүмкін. Бұл жарақат кезінде аяқ қатты ауырып,ісініп,қозғалмай қалады. Ауырған жерге суық шүберек басады. Содан соң хирург дәрігерге қаралу керек. Сүйек сынуы-егер адам қатты құласа немесе басқа оқыс жағдайға ұшыраса. Оны 2 түрге бөлуге болады:шытынап сыну және морт сыну. Морт сынуды басқаша ашық сынудейді. Бұл жарақат түрі қантамырларына,бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақатқа микробтар да түсуі мүмкін. Сынған жер қатты ауырып,шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез-келген қатты тақтай,таяқ т.б жарайды. Ең алдымен,жарақатты тазалап, жұмсақ мата салады. Оның үстіне шендеуішті сынған мүшемен толық біріктіріп,таңады.Дәрігер көмегі ауадай қажет,өйткені морт сыну өте қауіпті. Ендеше,осындай жағдаяттарда жол табуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *