Авторлар:Джанпеисова Нургиса Нурсултановна –медбике
Жексембаева Нагима Шедимбаевна-жалпы тәжірибелі медбике
Серикова Тоты Сериковна-жалпы тәжірибелі медбике
Жетісу облысы,Алакөл ауданы ШЖҚ Алакөл аудандық орталық ауруханасы, Достық ауылдық ауруханасы.
Бауыр іштің оң жағында қабырға астынан сәл төмен орналасқан. Бұл ас қорыту, темір, ағуыз, майлар, көмірсулар мен дәрумендер алмасу процесінде, сондай-ақ токсиндер мен уларды шығаруда маңызды рөл атқаратын көп функциялы орган. Бауыр ауруы тұқым қуалауы (генетикалық) мүмкін. Сондай-ақ бауыр жұмысындағы проблемаларға вирустар, алкоголь өнімдерін тұтыну, семіздік және басқа факторлар себеп болуы мүмкін.
Егер ерлер мен әйелдердің бауырындағы ауырсыну туралы айтатын болсақ, онда оның көрінісінде ешқандай айырмашылық жоқ. Гендерлік фактор ауырсыну синдромының ағымына әсер етпейді.
«Дегенмен бауыр аурулары ерлер мен әйелдерде әртүрлі ерекшелікпен жүруі мүмкін. Сондай-ақ әйелдерде тек өздеріне тән бірқатар бауыр ауруы бар. Ең алдымен бұл жүктілікке байланысты туындайтын бауыр аурулары», — дейді гастроэнтеролог, гепатолог, терапевт дәрігер Андрей Якушев.
Бауыр неге ауырады
Сарапшының айтуынша, бауыр ешқашан ауырмайды. Бауырда жүйке талшықтары жоқ, сондықтан ол ауырмайды. Тек бір жағдайда ғана – бауыр мөлшері ұлғайған кезде ауырсыну пайда болуы мүмкін.
«Анатомиялық тұрғыдан бауыр ұлпасы капсуламен қоршалған. Қабынуға байланысты оның мөлшері ұлғайған кезде, ол осы капсулаға қысым жасай бастайды, ал капсулада ауырсыну кезінде сезілетін жүйке талшықтары бар. Яғни капсула созылған кезде бауырда «ауырсыну» басталады. Бұл оң жақ қабырға астындағы жайсыздықпен, ауырлықпен сезіледі. Бауырдың ұлғаятыны соншалық, біз оны қолымызбен сезе аламыз», — дейді Андрей Якушев.
Көбінесе оң жақ қабырға астында ауырсыну басқа органдармен, мысалы, тоқ ішектің көтерілу бөлігімен, өт қабымен байланысты болады. Кейде асқазанның, он екі елі ішектің ойық жарасына байланысты осы аймақта ауырсыну туындауы мүмкін.
Бауыр метаболикалық себептерге байланысты бауыр аурулары кезінде (бұрын бұл ауру «майлы гепатоз» деп аталды), органдағы қан тамырларының бұзылуымен, инфекциялық зақымданулармен, аутоиммундық бұзылулармен, эндокриндік бұзылулармен, жарақаттармен және басқа ауруларға байланысты ұлғаюы мүмкін.
Бауыр қалай ауырады
Жоғарыда жазылғандай, бауырдың өзі ауырмайды, орган орналасқан капсула ауырады. Бауырдың зақымдануы кезінде туындайдын белгілерге тоқталайық.
Қолайсыздық
Бауырдың ұлғаюы оң жақ қабырға астындағы жайсыздықпен сезілуі мүмкін. Көбінесе бұл тырысатын, түйіп ауыратын, бірақ шыдауға болатын ауырсынулар. Өткір ауырсыну бұл органның көптеген ауруына тән емес және көбінесе өттегі тас түзілуі ауруынан туындайды.
Ауырсыну
Бауыр аурулары кезінде адам қабырға астындағы ауырлықты сезінуі мүмкін. Бұл белгілер бауыр капсуласының созылуымен, ішек пен өт қабының ауруларымен, газ түзілуінің артуымен байланысты болуы мүмкін.
Сарғаю
Егер бауырдың зақымдалуына қатысты күдік болса, басқа белгілерге назар аудару керек. Бұл орган ауруларының жиі кездесетін белгілерінің бірі – терінің, көздің және шырышты қабаттардың сарғаюы.
Ауыздағы ащы дәм
Сондай-ақ бауыр аурулары кезінде дене қызуы көтерілуі, ауызда ащы дәм пайда болуы, адам қатты әлсіздік сезінуі мүмкін. Егер бұл белгілер пайда болса, дәрігер қабылдауына жазылу керек.
Бауыр ауырған кездегі дәрігер кеңесі
Егер бауырыңыз ауырады деп ойласаңыз, дәрігерге бару керек. Симптомдарды елемеу және дұрыс емделмеу ауыр зардаптарға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
«Биохимиялық қан талдауын тапсыру керек. Ең алдымен бұл АСТ, АЛТ, сілтілі қышқыл, гамма-глютамилтранспептидаза және бұл бауырдың қабыну дәрежесінің көрсеткіштері болып саналады. Егер сілтілі фосфатазаның 2-3 нормадан жоғарылағанын анықталса, АСТ, АЛТ жоғары болса, дереу дәрігерге бару керек», — дейді гастроэнтеролог, гепатолог, терапевт дәрігер Андрей Якушев.
Маманның пікірінше, бауырдың зақымдану белгілері пайда болған кезде органға жүктемені азайту керек — алкогольді, темекі шегуді, кейбір дәрі-дәрмектен бас тарту керек. Дегенмен маманмен кеңеспей дәрі-дәрмектен өз бетінше бас тартуға болмайды. Бұл денсаулыққа пайдадан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін.