Ауыр бауыр циррозы: себептері, белгілері және алдын алу шаралары

Мақала

Авторлар:Гульмира Бижигитовна Есиркенова – фельдшер, Жаңалық дәрігерлік амбулаториясы, ШЖҚ «Ақсудың орталық аудандық ауруханасы» МКК

Гульфия Нурхановна Нургожинажалпы практика мейіргері, Жаңалық дәрігерлік амбулаториясы, ШЖҚ «Ақсудың орталық аудандық ауруханасы» МКК

Альмира Мырзагалиевна Кыдырмановажалпы практика мейіргері, Жаңалық дәрігерлік амбулаториясы, ШЖҚ «Ақсудың орталық аудандық ауруханасы» МКК

Кіріспе
Бауыр циррозы – бауыр паренхимасының (қалыпты жұмыс атқаратын тінінің) фиброзды (тыртық тәрізді) дәнекер ұлпамен біртіндеп және қайтымсыз алмасуы арқылы дамитын, ағзаның өмірлік маңызды функцияларына әсер ететін созылмалы және үдемелі ауру. Бұл жағдай бауырдың құрылымдық бұзылуына, қан ағымының қиындауына, портальды гипертензия мен бауыр жетіспеушілігіне алып келеді.

Этиологиясы

Бауыр циррозының дамуына себеп болатын факторлар көп, соның ішінде жиі кездесетіндері:

  • Созылмалы алкогольдік интоксикация (70–80% жағдайда)
  • Вирусты гепатиттер (В, С, D) — 30–40% жағдайда
  • Паразиттік инфекциялар (мысалы, эхинококкоз, шистосомоз)
  • Өт жолдарының патологиясы (склероздаушы холангит, өт тасының асқынуы және т.б.)
  • Гепатоуытты дәрілік заттар мен химиялық заттардың әсері
  • Тұқым қуалайтын зат алмасу бұзылыстары:
    • Гемохроматоз
    • Гепатолентикулярлық дегенерация (Вильсон-Коновалов ауруы)
    • Альфа-1 антитрипсин жетіспеушілігі
  • Портальды венаның тромбозы, окклюзиялық процестер (флебопорталды цирроз)

Кейбір жағдайларда (10–35%) аурудың нақты себебін анықтау мүмкін болмайды — мұндай түрлері криптогендік цирроз деп аталады.

Клиникалық белгілері

Бауыр циррозы бастапқыда симптомсыз өтуі мүмкін, бірақ ауру үдеген сайын келесі клиникалық белгілер пайда болады:

  • Жалпы әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі
  • Дене салмағының төмендеуі
  • Диспепсиялық бұзылыстар: жүрек айну, іш кебу, іш өту немесе іш қату
  • Оң жақ қабырға астындағы (гипохондрий) ауырсыну немесе қысым сезімі
  • Қол мен аяқтың алақандарында қызару (бауырлық ладони)
  • Сарғаю (тері мен көз ақ қабығының сарғаюы)
  • Асцит (іш қуысына сұйықтық жиналуы)
  • Аяқ-қол ісінуі
  • Геморрагиялық синдром: мұрыннан қан кету, теріде қанталау
  • Ер адамдарда гинекомастия (сүт безінің ұлғаюы), бедеулік
  • Қан құсу немесе қара түсті нәжіс (асқазан-ішек жолынан қан кету белгісі)

Асқынулары

Аурудың ауыр сатысында келесі асқынулар дамуы мүмкін:

  • Бауырлық энцефалопатия (нейропсихикалық бұзылыстар)
  • Асцит және портальды гипертензия
  • Өңеш веналарының варикозы және олардан қан кету
  • Гепатоцеллюлярлық карцинома (бауыр ісігі)

Алдын алу және өмір салтын түзету

Асқынған цирроздың емі қиын, әрі көбіне науқастың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан бұл дерттің алдын алу және ерте кезеңде анықтау – басты бағыттардың бірі.

1. Алкогольден толық бас тарту.
Алкоголь – бауыр тінінің негізгі зақымдаушысы. Циррозы бар науқас үшін тіпті аз мөлшердегі ішімдіктің өзі қауіпті.

2. Вирусты гепатиттерге қарсы алдын алу шаралары.

  • В гепатитіне қарсы вакцина алу
  • С гепатитінің ерте диагностикасы және антивирустық ем

3. Сапалы және теңгерімді тамақтану.

  • Жеміс-жидек пен көкөністерге бай, жеңіл сіңетін тағамдарды пайдалану
  • Ақуызды тағамды (ет, жұмыртқа, балық) шектеп, шамамен қолдану – өйткені ол бауырға қосымша жүктеме түсіруі мүмкін
  • Ісіну мен асцит кезінде тұзды және майлы тағамнан бас тарту

4. Дәрілерді тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау.
Бауырды зақымдауы мүмкін дәрілік препараттардан аулақ болу керек.

5. Дене салмағын бақылау, семіздіктің алдын алу.

Қорытынды

Бауыр циррозы — созылмалы, өмірге қауіп төндіретін патология. Оның негізгі себептері – алкогольді шамадан тыс қолдану мен вирусты гепатиттер. Ерте диагностика мен өмір салтын өзгерту арқылы бұл дерттің даму қаупін төмендетуге болады. Науқасқа медициналық көмекпен қатар, психологиялық қолдау мен өмір сапасын жақсарту шаралары да қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *