Аутоиммунды ауруға шалдыққан әр пациентке бірегей терапия режимі қажет – ревматолог

Мақала

Автор: Сарсенбаева Жаннат Турсуновна, Нурланова Мадина Армановна, Джантулекова Нургул Кемеловна, медсестры  отделения реанимации , г. Каскелен ГКП на ПХВ » Карасайская КМЦРБ»

Қарапайым тілмен түсіндірсек, бұл иммундық жүйенің бұзылуына байланысты қорғаныс жасушалары иммунитетті қорғамай, керісінше оған қарсы шығады. Яғни дәнекер тініне, тамырлар мен буындарға қарсы бағытталуы мүмкін.

Аутоиммунды аурулар сирек кездеседі, бірақ соңғы уақытта аурудың өсуі байқалды. Бұл экологиямен, күйзеліспен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы етек алған кезде көптеген науқасты анықтадық. Мүмкін вирустық инфекция да ауруды қоздырған шығар.

Аутоиммунды аурулар – көбіне еңбекке қабілетті жастағы адамдар мен құрсақ көтеретін жастағы әйелдерге тән. Уақтылы емделмеген жағдайда пациент тіпті мүгедек болып қалуы мүмкін, кейін оның еңбекке қабілеттілігі жойылады. Бұл экономика тұрғысынан алғанда мемлекет үшін өте қымбат. Шығындар емдеумен қатар мүгедектік төлемдерін де қамтиды. Сондықтан ауруды ерте диагностикалап, жекелей қарау маңызды, себебі әр пациентке бірегей терапия режимі қажет. Аутоиммунды аурулардың арасында ревматоидты артрит (буын ауруы) және анкилозды спондилит (Бехтерев ауруы) жиі кездеседі, әсіресе еңбекке қабілетті жастағы жас ер адамдарда.

Сонымен қатар, жүйелі қызыл жегі, склеродерма және Шегрен дерті сияқты дәнекер тінінің жүйелік аурулары еңбеккке жарамды және құрсақ көтеретін жасқа жеткен әйелдер арасында да кең таралған. Бұл ауруларды уақтылы диагностика жасап, емдесе ішкі органдарға кері әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, соңғы уақытта Такаясу ауруы, полиангиит және геморрагиялық васкулит сияқты жүйелік васкулиттердің жиілігі айтарлықтай өсті.

Аутоиммунды аурулардың нақты себебін айту өте қиын. Дегенмен, олардың дамуына ықпал ететін факторлар бар. Олардың арасында күйзеліс, тұқым қуалаушылық, инфекциялар (вирусты қоса алғанда), жынысы мен жасы бар. Аутоиммунды аурулар көбінесе жүйелі дерт, яғни бұл бірден бірнеше мүшелерге, жүрекке, өкпеге және бүйрекке әсер етуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *