Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы

Мақала

Автор: Мухаметжанова Карлыгаш Базартаевна, Школьная медсестра,  ГКП на ПХВ «Алакольская центральная районная больница» отделение с.Кабанбай.

Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы
Жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі асқазан мен 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады.
12 елі ішек жарасы, асқазан жарасына қарағанда 4 есе жиі кездеседі. Жаралардың дуоденалды орналасуының басым болуы жас адамдарда, әсіресе ер адамдарға тән.
Асқазан жарасы бар науқастар арасында әйелдер мен еректер қатынасы 1:2, 12 елі ішек жарасы кезінде ол 1:4-1:7болады.

Аурудың пайда болуына әкелетін факторлар:

Тамақтану сипатымен тәртібінің бұзылуы: жүйелі түрде қатты және өткір тағамды қолдану, асты асығысып ішу немесе құрғақтай жеу, тамақ ішу арасында үлкен үзіліс болуы.
Темекі шегу, ішімдікке құмар болу
Психоэмоцональды күштеме: жеткіліксіз дем алыс және ұйқы, қалыптандырылған жұмыс күні, стресстік жағдайлар.
Физикалық күштеме
Тұқым қуалаушылық және конституциональды фактор.
Асқазан мен 12 елі ішектің шырышты қабатына жағымсыз әсер ететін дәрілік препараттарды ұзақ қабылдау: ацетилсалицил қышқылы, глюкокортикорттар, резерпин, кофеин.
Асқазанның шырышты қабатында паразитерлейтін кампилобактериялар.
Генетикалық фактор – Академик Малт.
Быков, Курциннің кортико вицеральды теориясы. И.П. Павловтың оқушылары
12 елі ішек пен асқазанның жара ауруы негізінде асқазан құрамының агресивті қасиеттерінің және асқазан мен 12 елі ішектің шырышты қабатының қорғаныс қасиетнің тепе – теңдігінің бұзылуы жатыр.
Патологиялық анатомиясы.

Асқазан мен 12 елі ішек жарасының морфологиялық субстраты асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы жара ауруы болып табылады.
Асқазан жарасының мөлшері бірнеше мм – ден 5 -6 см дейін және одан да көп тереңдегі 20мм асады. Олар тек шырыш асты қабатында ғана өтеп, жиі асқазанның барлық қабаттарын бұзады.
Микроскопиялық жара түбінде өршу фазасында 4 қабатты ажыратады:
Бірінші қабат: Беткей қабат құрылыссыз некротикалық массамен фибринді, шырышпен инфилтрирленген лейкоциттермен және макрофагтармен түзілген.
Екінші қабат фибринойдты ісінбелі некроз ошағы. Шырышты қабаты жоқ ұлпаға тұз қышқылының әсер етуі нәтижесінде пайда болады.
Үшінші қабат: вертикалды тамырлары көп грануляционды ұлпамен көрініс табады, дәрежесі әртүрлі лимфоплазмоцитарлы инфилтрация және фиброзбен көрінеді.
Төртінші қабат: жетілген дәнекер ұлпасы оның маңзды ерекшелігі жан – жаққа таралуы, жаралы дефектінің шекарасынан да алшақ, сондай –ақ асқазанның барлық қабаттарына жайылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *