Автор: Сарсенбаева Жаннат Турсуновна, Нурланова Мадина Армановна, Джантулекова Нургул Кемеловна, медсестры отделения реанимации , г. Каскелен ГКП на ПХВ » Карасайская КМЦРБ»
Жұқпалы аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды. Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection – жұқтыру) – бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар. Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Адам патологиясының ішінде үлес салмағы 60-70 % (ДДҰ жүрек тамыр және онкологиялық аурулардан кейін 3 орында). Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохеталар, саңырауқұлақтар және т.б. болуы мүмкін.
Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жұғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру – аса қауіпті жұқпа деп аталады.
Жұқпалы аурулар пайда болуының факторлары
Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:
- ауру қоздырғышы (микроб),
- сыртқы орта және
- қабылдаушы сезімтал организм.
Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, және т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.
Жұқпалы аурулар кезеңдері:
- жасырын (инкубациялық),
- күмәнді (продромалдық),
- ауру дамуы және
- айығу (реконвалесцениттік)
20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эволюциялық даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б.
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Қазіргі таңда аса қауіпті жұқпалы аурулар (АҚЖ) термині ТМД елдерінде ғана қолданылады. Басқа елдерде бұл түсінік халықаралық масштабта денсаулыққа аса қауіпті жалпы жұқпалы аурулар деп танылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аса қауіпті жұқпалар тізіміне 100 аса аурулар кіреді.
Карантиндік жұқпаларға халықаралық санитарлық келісімдер таралған. Келісім қатаң мемлекеттік карантинді ұйымдастыру іс-шаралары тізімі кіретін құжат. Келісім аурулардың жүріп-тұруын шектейді. Жиі жағдайда карантиндік іс – шараларға мемлекет әскери күштерін жұмылдырады.
Карантиндік жұқпалар тізімі: полиомиелит,оба (өкпелік түрі), тырысқақ, табиғи шешек, сары безгек, эбол қызбасы және Марбург, тұмау (жаңа түр-түрлері), өткір респираторлық синдромы (АҚРС) немесе Sars.
Табиғи шешек жер бетінде жоғалған ауру деп саналғанына қарамастан ол аса қауіпті инфекциялар қатарына кіреді, өйткені бұл аурудың қоздырғышы кейбір елдерде биологиялық қару арсеналында сақталуы мүмкін.
Халықаралық бакылауға алынған аса жұқпалы аурулар тізімі: бөртпе және қайтармалы тифтер, тұмау (жаңа түрлері), полиомиелит, безгек, тырысқақ, оба (өкпелік түрі), сары және гемморагиялық безгегі (Ласса, Марбург, Эбола безгегі, Батыс Ніл).
Өңірлік (ұлттық) қадағалауға жататын аса қауіпті инфекциялар тізімі: ЖИТС, сібір күйдіргісі, маңқа, мелиоидоз, туляремия, сарып, риккетсиоз, орнитоз, арбовирустық инфекция, ботулизм, гистоплазмоз, бластомикозы, менингококктық инфекция, Рифт-Валли және Денге лихорадкасы
Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.