Аса қауіпті жұқпалы аурулар

Uncategorized

Авторы: Казангапова Райса Токишовна, Медсестра портала бюро госпитализации,

Адибасова Назгул Айткалиевна, Медстатист

Зубайрова Раушан Камитовна, Уч медсестра ВОП,

ГКП на ПХВ Алакольская ЦРБ

Қазіргі таңда аса қауіпті жұқпалы аурулар (АҚЖ) термині ТМД елдерінде ғана қолданылады. Басқа елдерде  бұл түсінік халықаралық масштабта денсаулыққа аса қауіпті  жалпы жұқпалы аурулар деп танылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аса қауіпті жұқпалар тізіміне 100 аса аурулар кіреді.

Карантиндік жұқпаларға халықаралық санитарлық келісімдер таралған. Келісім қатаң мемлекеттік карантинді  ұйымдастыру іс-шаралары  тізімі кіретін құжат. Келісім аурулардың жүріп-тұруын шектейді. Жиі жағдайда карантиндік іс – шараларға мемлекет әскери күштерін жұмылдырады.

Карантиндік жұқпалар тізімі: полиомиелит,оба (өкпелік түрі), тырысқақ, табиғи шешек, сары безгек, эбол қызбасы және Марбург, тұмау (жаңа түр-түрлері), өткір респираторлық синдромы (АҚРС) немесе Sars.

Табиғи шешек жер бетінде жоғалған ауру деп саналғанына қарамастан ол  аса қауіпті инфекциялар қатарына кіреді, өйткені бұл аурудың қоздырғышы кейбір елдерде биологиялық қару арсеналында сақталуы мүмкін.

Халықаралық бакылауға алынған аса жұқпалы аурулар тізімі: бөртпе және қайтармалы тифтер, тұмау (жаңа түрлері), полиомиелит, безгек, тырысқақ, оба (өкпелік түрі), сары және гемморагиялық безгегі (Ласса, Марбург, Эбола безгегі, Батыс Ніл).

Өңірлік (ұлттық) қадағалауға жататын аса қауіпті инфекциялар  тізімі: ЖИТС, сібір күйдіргісі, маңқа, мелиоидоз, туляремия, сарып, риккетсиоз, орнитоз, арбовирустық инфекция, ботулизм, гистоплазмоз, бластомикозы, менингококктық инфекция, Рифт-Валли және Денге лихорадкасы

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.

«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Туляремия

Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

  • Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары мен ұйымдарының табиғи ошақтардың (туляремияның белең алулары бұрын болған және қоздырғыштарының өсірінділері оқшауланған аудандардан бастап) ландшафтылы типтеріне байланысты эпизоотологиялық тексеру (көктемде және күзде) жүргізуі болып табылады.
  • Туляремияның табиғи ошақтарын эпизоотологиялық тексеру негізінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың кешенді бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:
    1) кейіннен тиімділікті бағалау арқылы іс-шараларды жүргізу көлемін және мерзімдерін негіздей отырып, туляремияның табиғи ошақтарын сауықтыру (дезинфекция, дератизация, кенелерді жою);
    2) жаңа аумаққа инфекцияның әкелінуінің алдын алу;

3) медициналық қызметкерлерді даярлау;

4) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.

  • Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялау қажеттілігін және жүргізу көлемдерін анықтайды.
  • Вакцинациялауға жататын контингентті жоспарлау және іріктеу табиғи ошақтардың эпидемиялық белсенділік дәрежесін есепке ала отырып, сарапталып жүзеге асырылады.
  • Адамдарды туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялауды (ерекше вакцинация) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне, және оларды жүргізу ережесіне халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органы жүргізуі тиіс.
  • Жайылмалы-батпақты, тау етегіндегі-өзен типіндегі табиғи ошақтарда және тұрақты резервация аймағының аумағында 7 жасқа дейінгі балаларды, 55 жастан асқан және қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, барлық тұрғындар жоспарлы вакцинацияланады.
  • Оқшау ошақтар аймағы аумағындағы табиғи ошақтарда жоспарлы екпелер туляремияның оқшау, нақты шектелген ошақтары бар жекелеген аудандар аумақтарында орналасқан елді мекендерде жүргізіледі.
  • Тоғайлы, далалық типтегі табиғи ошақтарда және тәуекел, шығару және салауаттылық аймағы аумағында мынадай тәуекел топтарына кіретін адамдар вакцинацияланады: аңшылар, балықшылар, олардың отбасы мүшелері, бақташылар, диқандар, мелиораторлар, сондай-ақ маусымдық және вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар.
  • Әрбір 5 жыл сайын қайта вакцинациялау жүргізіледі.
  • Туляремияға қарсы вакцинациялаудың уақтылы және сапалы өткізілуін бақылауды аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүзеге асырады.
  • Туляремиямен ауыратын науқас анықталған немесе оған күдік туындаған кезде ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар 12 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді.
  • Диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен медициналық ұйым да 12 сағат ішінде ауру анықталған жердегі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына өзгертілген диагнозды, оның қойылған күнін және алғашқы диагнозды көрсете отырып, жаңа шұғыл хабарлама жібереді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *