Артериялық қысымның төмендеуі

Uncategorized

Авторлар:
ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» МКК ​
Медициналық қызметкерлер: Шыныбекова.Д,

Кокимбекова.К.И Кырыкбаева.М.А

Бұл не?

Бұл феноменнің физиологиялық түсініктемесі бар. Тамақ ішкеннен соң кейбір еркектерде артериялық қысымның төмендеуі болады, сондықтан оларды ұйқы қысады (постпрандиальді гипотония).
Егер артериялық қысымның түсуі жүйелі түрде қайталанса және қолайсыздық әкелсе, онда артериялық қысымның төмендеуі туралы, ал кейбір жағдайларда гипотония ауруы туралы айтуға болады.
Артериялық қысымның түсуі (АҚТ) жіті және созылмалы болып келеді.
Жіті АҚТ (коллапс [тамырлардың токсикалық зақымдалуы], шок [тамырлардың салданып кеңеюі]) әдетте бас миға оттегі баруының төмендеуімен және өмірлік маңызды органдар қызметінің төмендеуімен бірге болады (гипоксия). Жағдайдың ауырлығы артериялық қан қысымының жоғарылығымен ғана емес, оның төмендеу жылдамдығымен де анықталады.
Жіті АҚТ қанайналымның жіті жетіспеушілігінде, ауыр жіті улануда (алкоголь, есірткі, әсіресе қысқа әсер ететін дәрілер, мысалы**,** клофелин, коринфар, капотен және т.б.), жіті инфекция және сепсисте, қан жоғалтуда, ағзаның сусыздануында пайда болуы мүмкін. Осылайша**,** жіті АҚТ әдетте аурудың асқынуы, жедел емдеген кезде мұқият ескерілуі тиіс себеп болып табылады.
Артериялық қысымның төмендеуіне (АҚТ) бейім кісілер әдетте ұзақмерзімді жоспарда жүрек-қан тамыры ауруларына ұшырау тәуекеліне гипертониямен ауыратындар секілді бейім емес және оларға негізсіз аз көңіл бөлінеді. АҚТ критерийлері мен таралуы**.**

Тамақтану

Рационнан ащы, тұзды және сүрленген тағамдарды алып тастаған абзал. Көп жеуге болмайды. Күніне кемінде 4 рет, бір уақытта тамақтанған өте маңызды.
Таңертең құрамы мынадай бір шыныаяқ (100 г) қайнатпа ішуге кеңес беріледі: дәріханалық бүрметікен, райхан, қайың жапырағы, ақбас жусан гүлдері, кәдімгі аюқұлақ шөбі, жұпарлы сәлбен гүлдері және шілтер жапырақтың шөбі. Әр түрінен 50 г құрғақ шикізат алып**,** 100 г құрғақ қала гравилатына қосады, сосын 2 ас қасық осы қосындыны 1 шай қасық аршаға қосады, үстіне 0,5 л қайнаған су құяды, әлсіз отқа қойып 5-10 минут ұстайды, сүзеді.
Гипотониямен ауыратындар өз рационына негізінен сүттен жасалған, жеміс-көкөнісі көп өсімдіктен жасалған тамақтарды, сондай-ақ құрамында толыққанды ақуыз бар (майлы емес ет, балық, ірімшік, сүзбе, соя азығы) азық-түлікті қосқан абзал.
Түскі асқа тәтті пияз, ақжелкен мен қара шомырдың тең бөліктерінен жасалған (тамаққа дейін 30 минут бұрын үгіп алу), азғантай зәйтүн майы, жүзім не алма сіркесуы қосылған салат кеңес етіледі. Түскі аста 100-150 г майлы емес ет (бұзау еті, құс еті, пісірілген балық) жеуге болады.
Кешкі асқа етсіз тағамдар: көкөністер, макарон, балғын жемістерден компот, 1-2 ас қасық шикі, үгітілген балдыркөк я өріктің қағы қосылған айран немесе йогурт, құрғатылған нан. Түскі және кешкі астан соң 100 г құрғақ шарап, сосын бір шыныаяқ табиғи кофе ішуге болады.
Астан кейін 2 сағат өткен соң қара қарақат, жаужапырақ, дәрілік түйежоңышқа, райхан, дәріхана араны, тобылғы гүлдері қосындысынан жасалған қайнатпадан 1 шыныаяқ ішеді. Әр түрінен 50 грамнан алады, сосын осы қосындының 2 ас қасығына 0,5 л қайнаған су құяды, бетін жауып 10 минут қайнатады, суытады, сүзеді.
Гипотониядан зардап шегетін оңтүстік жақтың тұрғындарына тұрақты түрде тұт жемістерін жеуге кеңес беруге болады: жазда – балғын күйде, қыста – тосап, джем, сусын және шарап түрінде. Ең пайдалысы  жемісі қара тұт.
Рационға сұлы жармасынан жасалған тамақтар (ботқа, сұлы киселі, бүтін дәнінің қайнатпасы) гипотониямен ауыратындарға өте пайдалы.
Ауру адамда ортостатикалық қысымның төмендеуі бар болса**,** оны төсектен бірден тұрмауды үйрету керек, тұру алдында 1-2 мин отыру тиіс. Постпрандиалды қысымның түсуі аз-аздан жиі тамақтанғанда бірте-бірте жойылуы мүмкін. Қысымның түсуіне ықпал ететін дәрілерге жартылай немесе толықтай тыйым салынуы тиіс.
Кейбір қызмет түрлері – көлікте, биікте, қозғалыстағы механизмдер жанында, жоғары температура, қапырық жағдайында, дірілмен, электрмагниттік сәуле тарату, сынаппен байланыста жұмыс бас айналу мен естен тануға бейім аурулар үшін әртүрлі себептермен келмейді.
Шипажайлық емдеу мен физиотерапияны міндетті түрде қолданады: оттегі немесе ақ скипидар ванналары.
Физиотерапияны да ұмытпау керек, бұл онсыз іс өнбейтін жағдайдың бірі.
Гипотониялық ауру кезінде өсімдіктерді пайдаланған оң болады, олар соншалықты ынталандырмайды, бірақ қан тамырларын қозғалтатын орталықтың тонусын және жүрек пен қан тамырларының қабырғаларындағы алмасу үдерістерін реттейді. Оларды жекелей және күрделі жинақтамалар түрінде де пайдалануға болады.


 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *