АПВ-ға қарсы вакцинация: Жатыр мойны обырының алдын алудағы Қазақстанның маңызды қадамы

Детское здоровье Жаңалық здравоохранение

Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы саналатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Қазіргі таңда республика бойынша 11-13 жас аралығындағы 1,6 мыңға жуық қызға вакцина егілді, олардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелмеді. -деп Қазақстан Республикалық Денсаулық сақтау Министрлігі хабарлайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына және Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, 11 жастағы қыздар вакцинацияға жатады. Сонымен қатар, ата-аналардың өтініштері негізінде 12-13 жас аралығындағы қыздарды да АПВ-ға қарсы қосымша вакцинациялау туралы шешім қабылданды. АПВ-ден тиімді қорғаныс үшін 6 ай аралықпен вакцинаның екі дозасы салынады.

Бүгінгі таңда АПВ-ға қарсы вакцинация еліміздің 9 өңірінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында жүргізілуде. Қалған 6 өңірде вакцинация басталып, тағы 5 өңірде келесі аптада бастау жоспарланып отыр.

Елге вакцинаның бірінші партиясы 173,7 мың доза көлемінде жеткізілді, қараша айында тағы 175,8 мың доза көлеміндегі екінші партия күтілуде. Вакцинация мектептердегі медициналық кабинеттерде жүргізіледі және ата-аналардың немесе қамқоршылардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жасалады.

АПВ-ға қарсы вакцинация – жатыр мойны обырын алдын алудың жалғыз әдісі. Жыл сайын Қазақстанда 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеліп, 600-ден астам әйел осы аурудан қайтыс болады.

Қазақстанда қолжетімді вакцинаның арқасында 11-13 жас аралығындағы қыздар жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусынан (АПВ) өздерін қорғау мүмкіндігіне ие. Вакцинация арқылы олар бұл аурудың алдын алып, болашақта денсаулығын сақтауына мүмкіндік бар.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/851828?lang=kk

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *