Абдрахманова Назигуль Какимсеитовна
ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы » МКК Қабанбай ауылдық аурухана бөлімшесі , жан сақтау бөлімінің мейірбикесі
Анафилактикалық шок -ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тынысалу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, жіті дамитын, өміргe қауіпті патологиялық үрдіс.Шок бірнеше секундтан, бірнеше сағатқа жалғасуы мүмкін.
Анафилактикалық шок: пайда болу себебі
Шоктың пайда болуы аллергия басталған кезде туады. Ең негізгі пайда болу себептері:
– дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмек пайдалану;
– екпе алу кезінде
-ингаляция жасағанда
– тамақтан уланғанда
– жәндіктер шаққанда
Анафилактикалық шок: клиникалық белгісі
Дерттің басталу белгісі ішкі немесе сыртқы күш әсер етуінен көрінеді.
– қан қысымының түсуі;
– естен тану, дірілдеу, бас айналу;
– терінің ағарып кетуі немесе көгеру;
– бет тұсында, денесінде дақтар пайда болуы;
– іші ауруы және жүрек айну;
– жүрек қысылуы, дем жетпеу.
Анафилактикалық шок: емі— ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату;
— тыныс жолдарынын өткізгіштгін қалпына келтіру, таза ауаның келуін қамтамасыз ету.
— науқасты: аяғын көтерген күйде Тренделенбург қалпына келтіру, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін басын бүйірне қарату, асфиксия, құсық массаларымен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту;
— оттегімен емдеу; аллерген парентеральді енген жағдайда 0,1% адреналин ертндісімен 0,1 мл/жасына сәйкес мөлшерде 5,0 мл натрий хлориді изотониялық етіндісіне араластырып аллерген енген жерді; айналдыра eгiп шығады;
—аллерген енген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспаитын eтin, 30 минутка жгут салу ( әр 10 минут сайын жгутты бip-eкi минутқа босатып отыру қажет) ;
—көктамырды тауып 0,1% адреналин ерітіндісін 0.1 мл/жасына (0,01 — 0,02 мг/кг) сәйкес мөлшерде бipaқ, 1,0 мл -ден аспау керек;
—гормонды препарат енгізу преднизолон кг байланысты, әсері болмаса қайталау;
—антигистаминді дәрілер енгізу: 2% супрастин 0,1- 0,15 мл/жасына немесе 1 % димедрол ертінідісін 0,05 мл/кг көктамырға немесе бұлшық етке, бipaқ біp жасқа дейінгі балаларға 0,5 мл-ден, бip жастан асқан балаларға 1,0 мл,
— инфузионды терапия 0,9 % натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Кан тамырішілік көлемді қайта қалпына келтіру yшiн.. Инфузионды терапия жылдамдығы және көлемі АҚҚ жоғарылауымен, Орталық венозды қысым жоғарылауымен және науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады.