Анафилактикалық шок

Uncategorized

Автор: Рахманова Мария Кемелахуновна, Рустембекова Замзагуль Мадияровна, Кусаинова Бакытгуль Тулегеновна, жансақтау бөлімінің  мейіргерлері, ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК

Анафилактикалық шок – бұл ағзаға аллергеннің түсуіне байланысты дамитын ауыр аллергиялық реакция. Бұл өмірге қауіпті жағдай тыныс алудың, қан айналымының бұзылуына әкеліп, уақытылы көмек көрсетілмесе, өлімге ұшыратуы мүмкін.

Дамуының себептері:

            1.         Дәрілік препараттар:

            •          Антибиотиктер (пенициллин, цефалоспориндер).

            •          Анестетиктер.

            •          Вакциналар мен сарысулар.

            2.         Тамақ өнімдері:

            •          Жаңғақтар, балық, теңіз өнімдері.

            •          Бал, жұмыртқа, кейбір жемістер.

            3.         Жәндіктердің шағуы:

            •          Аралар, жабайы аралар, шаншарлар.

            •          Құмырсқалар.

            4.         Химиялық заттар:

            •          Латекс.

            •          Рентгенологиялық зерттеулерге арналған контраст заттар.

Симптомдары:

Анафилактикалық шок аллергенмен байланыстан кейін бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін дамуы мүмкін.

            1.         Ерте белгілері:

            •          Қышу, терінің қызаруы.

            •          Тыныс алудың қиындауы, дауыстың қарлығуы.

            •          Бет, ерін, тілдің ісінуі.

            •          Денеде ыстық сезімі, әлсіздік.

            2.         Негізгі белгілері:

            •          Қан қысымының төмендеуі.

            •          Тұншығу, дем алудың қиындауы.

            •          Кеудедегі ауырсыну, жүректің жиі соғуы.

            •          Есінен тану.

Анафилактикалық шок кезінде алғашқы көмек:

            1.         Жедел жәрдем шақыру.

            •          Дәрігерлерге науқастың анафилактикалық шокқа ұшырағанын айту.

            2.         Жедел көмек көрсету:

            •          Науқасты шалқасынан жатқызып, аяқтарын жоғары көтеру (қан айналымын жақсарту үшін).

            •          Бөлмеге таза ауа кіргізу.

            •          Аллергенмен байланысты тоқтату (мысалы, жәндіктің шағуынан қалған біз болса, оны алып тастау).

            3.         Дәрі-дәрмек қолдану (бар болса):

            •          Адреналин енгізу (0,3-0,5 мг бұлшықетке).

            •          Антигистаминдер (мысалы, супрастин, тавегил).

            •          Глюкокортикостероидтар (преднизолон, дексаметазон).

Стационарлық емдеу:

            •          Қан қысымын қалыпқа келтіру үшін инфузиялық терапия.

            •          Тыныс алуды жеңілдету немесе жасанды тыныс алдыру.

            •          Жүрек пен тыныс алу жүйесінің жағдайын бақылау.

Алдын алу:

            •          Аллергендерден аулақ болу.

            •          Әрдайым адреналин автоинъекторын (мысалы, ЭпиПен) алып жүру.

            •          Дәрігерлерге дәрілік препараттарға немесе тағамдарға аллергияңыз бар екенін айту.

Анафилактикалық шок – шұғыл медициналық көмекті қажет ететін төтенше жағдай

Анафилактикалық шокпен ауыратын науқасқа бронхоспазмды жою, өкпе ісінуін азайту және тыныс алуды жеңілдету мақсатында 2,4%-ды эуфиллин ерітіндісін 10-20 мл мөлшерінде баяу ішілік енгізу көрсетілген.

Науқасты жатып, денесінің жоғарғы бөлігі мен басы көтерілмеген, горизонтальды (қол көтерілмеген) жағдайда жатқызу керек, бұл миға қан ағымының жақсы болуына ықпал етеді (төмен қан қысымы мен миға қан жетіспеушілігін ескере отырып). Кислород ингаляциясын жүргізу, физраствор немесе басқа су-солевой ерітіндісін внутривенно тамшылатып енгізу ұсынылады, бұл гемодинамика мен қан қысымын қалпына келтіруге көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *