Авторлар: Айнабекова Зауре Айтмухаметовна – медбике, ФАП Ақтекше,
Амангожина Лазат Мураткалиевна – медбике, Ж.Егімбаев атындағы орта мектеп,
Айнабекова Ляззат Сейдигалиевна – наркологиялық кабинет мейірбикесі, ШЖҚ «Ескелді орталық аудандық ауруханасы» МКК
Кіріспе
Алғашқы медициналық көмек (АМК) – адамның өмірін сақтап қалуға және жағдайын жеңілдетуге бағытталған шұғыл шаралар жиынтығы. Жарақат, есінен тану, қан кету немесе жүрек тоқтауы сияқты төтенше жағдайларда дер кезінде көрсетілген алғашқы көмек адамның өмірін құтқаруы мүмкін.
ДДҰ мәліметтері бойынша, егер жүрек тоқтағаннан кейін алғашқы 5 минут ішінде реанимация жасалса, тірі қалу мүмкіндігі 50-70%-ға дейін артады. Сонымен қатар, ауыр жарақаттар мен қан кету жағдайларында жедел көмек көрсету асқынулардың алдын алады.
Бұл мақалада алғашқы медициналық көмектің негізгі қағидалары, әдістері және әртүрлі жағдайларда әрекет ету тәртібі қарастырылады.
- Алғашқы медициналық көмектің негізгі қағидалары
1.1. Өмірге қауіп төндіретін жағдайды бағалау
Көмек көрсетпес бұрын, науқастың жағдайын бағалау қажет:
Науқас есін біле ме?
Демалып жатыр ма?
Қан кету бар ма?
Жүрек соғысы бар ма?
Егер адам есін білмесе және тыныс алмай жатса, жүрек-өкпе реанимациясын дереу бастау қажет.
1.2. Жедел жәрдем шақыру
Егер науқас ауыр жарақат алса немесе есін білмесе, 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керек.
Диспетчерге оқиғаның нақты орнын, науқастың жағдайын және қандай көмек көрсетілгенін хабарлау қажет.
1.3. Қауіпсіздік ережелерін сақтау
Көмек көрсетуші өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек (электр тогы, газдың ағып кетуі, өрт қаупі).
Медициналық қолғап немесе кез келген матаны қолдану арқылы инфекция жұқтыру қаупін азайту керек.
- Жарақаттар кезіндегі алғашқы көмек
Жарақат – сыртқы факторлардың әсерінен пайда болатын дене зақымдануы.
2.1. Жарақат түрлері және көмек көрсету
Кесу жарасы – жараны антисептикпен өңдеп, стерильді таңғыш салу.
Терең жаралар – қан кетуді тоқтату және жедел жәрдем шақыру.
Сүйек сынуы – зақымдалған аяқ-қолды қозғалтпай, оны қатты затпен бекіту.
Күйік – зақымдалған жерді суық сумен 10-15 минут жуу, стерильді таңғышпен жабу.
- Қан кету кезіндегі алғашқы көмек
Қан кету – тез арада тоқтатуды талап ететін қауіпті жағдай.
3.1. Қан кетудің түрлері:
Артериялық қан кету – ашық қызыл қан атқылап ағады.
Веналық қан кету – қою қызыл қан баяу ағады.
Капиллярлық қан кету – беткі қабаттағы тамырлардан аз мөлшерде қан ағады.
3.2. Қан кетуді тоқтату әдістері:
Артериялық қан кетуде – жараның үстінен 5 см жоғары жерге жгут салу.
Веналық қан кетуде – жараны стерильді таңғышпен жауып, қатты басу.
Капиллярлық қан кетуде – жараны йод немесе сутек тотығымен өңдеу.
Жгут қолданылған жағдайда, оны 15-20 минут сайын босатып тұру керек.
- Жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР)
Жүрек тоқтаған жағдайда ЖӨР жүргізу қажет.
4.1. Алгоритм:
Науқастың есін тексеру (шақырып, иығынан сілкілеу).
Тыныс алуын тексеру (мұрны мен ауызына құлақ жақындату).
Егер тыныс алмаса, жүрекке тікелей массаж жасау:
Науқасты тегіс жерге жатқызып, алақанды төс сүйектің ортасына қою.
Төс сүйекті 5-6 см тереңдікке басу (минутына 100-120 рет).
Әрбір 30 рет басқаннан кейін 2 рет жасанды тыныс беру.
- Анафилактикалық шок кезіндегі алғашқы көмек
Анафилаксия – аллергиялық реакцияның ең ауыр түрі, өмірге қауіп төндіреді.
5.1. Белгілері:
Терінің қызаруы, қышуы
Тыныстың тарылуы
Қан қысымының төмендеуі
Есінен тану
5.2. Алғашқы көмек:
Аллергенмен байланысты тоқтату (егер жәндік шақса, бізін алып тастау).
Науқасты жатқызу, аяғын көтеру.
Адреналин енгізу (0,3-0,5 мл бұлшық етке салу).
Жедел жәрдем шақыру.
Қосымша дәрілер – антигистаминді препараттар (супрастин, тавегил).
- Талып қалу кезіндегі алғашқы көмек
6.1. Белгілері:
Бас айналу
Қысқа уақыттық есін жоғалту
Бозару, суық тер
6.2. Алғашқы көмек:
Науқасты желдетілетін жерге жатқызу.
Аяғын көтеру – қан миға жылдам жету үшін.
Аммиак буын иіскеу (болмаса, суық сумен бетін сүрту).
Егер 5 минут ішінде есін жиымаса, дәрігер шақыру.
Қорытынды
Алғашқы медициналық көмек – кез келген адамның білуі тиіс маңызды дағды. Жарақат, қан кету, жүрек тоқтауы немесе аллергиялық шок сияқты шұғыл жағдайларда дұрыс көмек көрсету адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Әрбір адам алғашқы көмек көрсету ережелерін меңгеріп, оларды тәжірибе жүзінде қолдануды үйренуі қажет. Себебі шұғыл жағдайларда әрекет ету жылдамдығы мен дұрыс жасалған қадамдар өмір мен өлім арасындағы шешуші фактор болуы мүмкін.