Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек

Uncategorized

Авторлар:
ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» МКК ​
Медициналық қызметкерлер: Шыныбекова.Д,
Кокимбекова.К.И Кырыкбаева.М.А

Алғашқы медициналық көмек түрлері

Алғашқы медициналық көмек оқыс оқиға болған орында зардап шеккен немесе күрт науқастанған адамға «жедел жәрдем» келгенге дейін алғашқы медициналық ем шараларын жасауды қарастырады. Алғашқы медициналық көмек жәбірленуші қандай жарақат алуына қарай көрсетіледі.

Қан кету кезінде

Артериялық қан кету кезінде қан алқызыл түсті болады. Артериялық қан кету ең қауіпті жағдайдың бірі. Себебі**,** адам аз уақыт ішінде көп қан жоғалтуы және бұл өлімге әкелуі мүмкін. Тез арада қан кетуді тоқтату шараларын қабылдау керек.

Артериалық қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету барысында мыналарды орындау қажет:
• жарақаттан сәл жоғары тұстағы тамырды үлкен саусақпен басу арқылы қанды тоқтатуға немесе қан ағуын баяулатуға тырысу керек;
• резеңке немесе қолдан жасалған кез келген бұраумен (мысалы, белдік, арқан және басқа) жараның жоғарғы жағындағы артерияны байлау керек, бұл қан жоғалтуды төмендетеді;
• бұрау қай уақытта салынғанын жазып қою;
• жарақатты таңу;
• зардап шеккен адамға көмек көрсеткеннен кейін оны мамандандырылған медициналық мекемеге (аурухана немесе емхана) жеткізу керек.

Ал көктамырдан қан кеткенде қанның түсі қою қызыл болады. Алайда**,** ірі көктамырдан қан кетсе және дер кезінде көмек көрсетілмесе, бұл да адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Көктамырдан қан кеткенде алғашқы көмек көрсету барысында мыналарды орындау керек:
• зақымдалған тұсты жоғары көтеру;
• зақымдалған қантамырдың жұмсақ қабырғаларын қысып тұратын таңғыш байлау;
• зардап шеккен адамды денсаулық сақтау мекемесіне жеткізу.

Сүйек сынғанда

Барлық сынық кезінде алғашқы көмек бірдей болады және сүйектің тұтастығын қалпына келтіруге, қан кетуді тоқтатуға, жараны антисептикалық өңдеуге, аяқ-қолды иммобилизациялауға бағытталған. Науқасқа көмек көрсету кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет:
• тыныштық;
• зақымдалған дене бөліктерін қозғамау;
• салқын ауа;

Алғашқы көмек көрсеткенде науқастың қосымша ауырсынуына жол бермеу керек. Науқасты медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге өте мұқият жеткізу қажет.

Улану кезінде

(Бұл бөлім толықтырылмаған, сондықтан түзету енгізілмеді)

Суға батқан жағдайда

Адам суға кеткенде**,** ең алдымен оны тез арада судан шығарып, «жедел жәрдем» шақыру керек. Зардап шеккен адамды 6 минуттың ішінде судан шығарып алу маңызды. Одан соң мына әрекеттерді орындау қажет:
• Егер жәбірленуші есін біліп отырса, онда оны тыныштандырып, белгілі бір қашықтықты сақтау керек. Ол үрейленген жағдайда және өзін өзі қорғау мақсатында сізді де су астына тартып кетуі мүмкін;
• Суға кеткен адамды судан шығару барысында қолтық тұсынан ұстап, оның сізге арқасын беріп жатуын қадағалаңыз. Осылайша жағаға қарай жүзу ыңғайлы болады;
• Жәбірленушінің аузы мен мұрнын су мен балдырдан босату маңызды. Ол үшін зардап шеккен адамды ішімен төмен қарай тізеңізге жатқызып, басын төмен салбырату керек. Бұл судың жылдам шығуына көмектеседі. Осы кезде қабырғасы мен арқасын басу маңызды.
• Одан соң оны қолдан дем алдыру қажет. Ол үшін мұрнын жауып, аузына ауа үрлеу керек.
• Жүрек қағысы естілмеген болса, онда қолдан дем алдыру барысында жүрек тұсына массаж жасау керек. Бес рет тікелей емес массаж жасап, аузына ауызбен ауа жіберу қажет.

Алғашқы медициналық көмек ережелері

Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде төрт негізгі ережені сақтау керек. Бұл оқиға орнын тексеру, жәбірленушіні тексеру, жедел жәрдем шақыру және жәбірленушіні қайта тексеру. Алғашқы медициналық көмек әдетте оқиға орын алғаннан кейінгі алғашқы сәттерде жасалады.

Оқиға орнын тексеру. Жәбірленушінің, айналадағы адамдардың өміріне не қауіп төндіруі мүмкін екенін тексеру керек. Мысалы, ашық жатқан электр сымдары, қирандылардың құлауы, түтін немесе терең су сынды факторлар. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнуі мүмкін болса, онда жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетуді мамандарға қалдыру керек. Зардап шеккен адамды сабырға шақыруға тырысыңыз.

Жәбірленушіні тексеру. Тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін тексеру керек. Егер науқас ес-түссіз жатса, оның тірі екеніне көз жеткізу қажет. Ол тыныс алған кезде кеуде тұсы қозғалады. Сондықтан алақанды науқастың кеуде тұсына қойып, оның қозғалысын бақылау қажет. Егер ол тыныс алмай жатса, оны қолдан дем алдыру керек.

Егер тыныс алмай жатса, тамыр соғысын тексеру керек. Ол үшін мойындағы ұйқы күретамырын саусақпен басу қажет. Тамыр соғысы әлсіз болса, жүрек соғуын анықтау қиын болады. Мұндай жағдайда саусақпен мойынның шет жағындағы теріні басып тұру керек. Жүрек соғуы байқалмаса, жүрекке тікелей емес массаж жасап, қолдан дем алдыру керек.


 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *