Авторлар:Есерманова Роза Баймухановна-Старшая медсестра
ГКП на ПХВ «Аксуская центральная районная больница» Поликлиника
Мухатаева Асем Елтаевна— Медсестра ОП
ГКП на ПХВ «Аксуская центральная больница» СВА с. Суыксай.
Жолдыбай Қымбат Алтайқызы -уч. Медсестра
Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар
Белгілері: зардап шегуші мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді, ауа жетіспегенін сезінді, көгере бастады. Тыныс жолдары жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі. Сенің әрекетің: Бөгде затты тыныс жолдарынан шығару үшін ашық алақаныңмен жауырынның жоғары жағынан қағып ұру керек. Зардап шегушіден аузына саусағын салып зорланып құсуын талап ет, саусақты мүмкіндігінше терең салып өңешті тітіркендіреді. Тыныс алуы тоқтайтын болса, кешіктірмей жасанды тыныс алуды жүргіз. «103 — жедел жәрдемін» барынша жылдамдатып шақыр!
Тамақ ішу кезіндегі тұншығу
Белгілері: Зардап шегуші кенет жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен танады. Сенің әрекетің: зардап шегушінің артына тұрып, екі қолыңмен білектеріңді кіндіктен қабырғаға доға бұрышын жасап қой. Оң білек, түйілген жұдырықпен сол білектің үстіне қойылады. Зардап шегушінің ішін өзіңе және жоғары қарай бірнеше рет қатты бас. Тыныс алу жолдарынан бөгде зат шыққанға дейін орында. Егер зардап шегуші естен танса, оны еденге шалқасынан жатқыз, басын шалқайтып «ауызға — ауыз» әдісімен екі рет ауа үрлеу әрекетін жасаңыз. Сонан соң, зардап шегушінің үстіне бөксе жағына қарай отырып, айқастырылған білекпен, енді өзіңнен алға қарай және шамалы төмен жағынан ішін басуды жалғастыр. Әрбір 5 басудан кейін ауыз қуысын қарап шығу қажет. Өте толық немесе екі қабат әйелдерге әдіс төсінің орта жағында жүргізіледі. Балаларға 1 жастан 8 жасқа дейін бір қолмен жасалады. 1 жасқа дейінгі нәрестені тізеңнің үстіне етпетімен жатқызып және алақанның сырт жағымен жауырынның ортасына бес рет жеделдетіп қағып соққы бер. Сонан соң оны шалқасынан жатқызып, төсінің ортасына бір немесе екі саусақпен бас. Нәтиже болмаған жағдайда әдісті қайтала. Әдіс жасау кезінде нәрестенің басы кеудеден төмен болуы тиіс.