Науқас ентігу мен тыныс жетіспеушілігіне шағымданып келген. Эхокардиографиялық тексеріс кезінде сол жақ жүрекшесінде 6×4 см көлеміндегі миксома табылған. Мұндай ісік дәрі-дәрмекпен емделмейді, сондықтан шұғыл операция қажет болды.
Кардиохирургтар сәтті ота жасап, ісікті толығымен алып тастады. Қан айналымы қалпына келтірілді. Бір күннен кейін-ақ науқас өздігінен жүре бастады және жақын арада үйіне шығарылды.
Орталық мамандары бұл жағдай ерте диагностика мен жоғары сапалы медициналық көмектің маңызын көрсететінін айтып, жас әйелдің қалыпты өмірге оралуы – дәрігерлер үшін ең үлкен марапат екенін жеткізді.