Автор: М.Қ.Аймурзиева-басқарма төрағасының оқу-тәжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары,
А.М.Кусанова., З.Қ.Алмаханбетова-арнайы пән оқытушылары
Батыс Қазақстан Жоғары Медициналық колледжі ЖШС.
Өзектілігі
«Вакцинация – ата-аналар үшін балаларын жұқпалы аурулардың ауыр зардаптарынан қорғаудың жалғыз, ең тиімді әдісі. Вакциналарды ойлап шығару – медицинаның ең үлкен жетістігі деп білеміз. 21-ғасырда кейбір ата-аналар балаларын вакцинациялаудың тиімділігі мен қажеттілігіне қатысты әлі де күмәнданып келеді.«Иммундау-өмірді ғана құтқарып қоймай, сондай-ақ балаларға, әйелдерге және отбасыларға өркендеуге мүмкіндік беріп келеді. Соның бірі-Адам папилломавирусы (АПВ).
Зерттеу барысы.
БҚО бойынша 2022-2024 жж. аралықтарындағы«әйел жатыр мойны обырына» қарсы жүргізілген шаралардың көрсеткіші мен нәтижесі.
Папилломавирусты инфекция – еркектер мен әйелдердің 70%-да кездесетін инфекция. Бұл инфекция 18-30 жастағылар арасында жиірек байқалады. Кесел көбінесе симптомсыз түрде өтеді. Папилломавирустар әйелдердің қынабында, жатырында, уретрада, гениталдық сүйелдер дамуын қоздырып, еркектерде – жыныс мүшесінің айналасы мен ұмасын зақымдайды.
Негізгі онкогенді қаупті HPV штаммдары:
- Жоғары онкогенді қауіпті штаммдары (16, 18, 31, 33 және т.б.);
- Төмен онкогенді қауіпті штаммдары (6, 11, 32, 40-44, 72);
Вирустардың төмен онкогенді штамдары сүйелдер, тері папилломаларын, жоғары онкогенді түрлері аногенитальды аймақта, әйелдерде жатыр мойнында , ерлерде жыныс мүшелерінде кондиломаларды тудырады. Ағзаға вирустың 16, 18, 31, 33 типті штамдары ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда жатыр мойны дисплазиясын, кейінжатыр мойны обырының ауыр ағымына алып келеді.
Диаграмма-1
Диаграмма-2
Диаграмма-3
БҚО 2022-2024 жж. аралықтарындағы жатыр мойны обырының сандық көрсеткіштері(Диаграмма 1-3)
Жұғу жолдары.
-Негізгі жұғу жолдары – жыныстық қатынас арқылы;
-Вертикалды жұғу жолы – Адам папиллома вирусы жұқтырған немесе тасымалдаушы әйелдің босану кезінде босану жолы арқылы туылған нәрестеге жұғуы;
-Аутоинокуляция – эпиляция немесе қырыну кезінде;
-Тұрмыстық заттармен байланыс – Адам папиллома вирусы қоршаған ортада біраз уақыт өмір сүретіндіктен, қоғамдық ортада (монша, спорт залы, бассейн, т.б.);
-Байланыс – инфекция терідегі немесе кілегей қабаттардағы жарақат беті арқылы жұғуы (жаралар, көгерулер);
Әр екі күн сайын 1 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады. Ауырсыну белгілері еленбейтін бұл дерт жылына 600 қыз-келіншектің өмірін қияды. Науқастардың 15% ауруы асқынғанда ғана дәрігерлерге жүгінеді екен.
Диаграмма-4
БҚО 2022-2024 жж. аралықтарындағы жатыр мойны обырынан қайтыс болғандардың сандық көрсеткіштері (Диаграмма 4)
2023 ж. Батыс Қазақстан облысында онкологиялық аурулардың таралу дәрежесі бойынша «жатыр мойны обыры» бесінші орында, бірінші орында — сүт безі обыры, екінші-өкпе обыры, үшінші – асқазан обыры, төртінші – тік ішек обыры алып отыр.
БҚО 2024жылдың қазан айына дейінгі әйелдердегі «жатыр мойын обырының» көрсеткіші-684.
Адам папилломавирусына қарсы екпе — жатыр мойны обырының алдын алуына, жатыр обырының пайда болуын төмендетуіне зор мүмкіндік береді. 2006 жылдан бері әлем бойынша Адам папилломавирусына қарсы екпені 100 млн аса адам алған, 270 млн доза вакцина қолданылған. Орталық Азия елдері бойынша адам папилломавирусына қарсы екпе Армения, Грузия, Молдава, Түркіменстан, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінде күнтізбеге енгізіліп, қолданылауда. Әлемнің 135 елі адам папилломавирусы қарсы екпені күнтізбеге енгізген.
Диаграмма-5
БҚО бойынша қазіргі таңда адам папиллома вирусына қарсы екпе алғандардың сандық көрсеткіштері– 2004 адам. (Диаграмма-4)
Адам папилломавирусына қарсы вакцина дәрігермен кеңескеннен кейін ата-аналарының жазбаша келісімімен мектептердің медициналық пункттерінде 11 жастан асқан қыздарға егіледі. Қыздардың ата-аналары вакцинация процедурасы кезінде медициналық кабинетте бірге бола алады.
Алдын алу шаралары:
-Жыныстық қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бұл әдіс жыныстық жолмен берілетін барлық инфекциялардан, оның ішінде адам папиллома вирусынан қорғауға мүмкіндік береді.
-Тосқауыл контрацепциясын қолдану – жеңіл, қолжетімді, бірақ инфекциядан 100% қорғай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұқтыруы мүмкін.
-Мерзімді профилактикалық тексерулер. Әйелдерді гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Лабораторлы тексерулер адам папиломавируснының ДНҚ-сын ПЦР әдісімен билогиялық жұғынды, яғни цервикальды аймақтан жұғынды, гисто-цитологиялық тексерулер жүргізе отырып, аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады.
Қорытынды
Бұл мақала негізінде ресми мәліметтеріне талдау жасай отырып, Батыс Қазақстан облысы бойынша«әйел жатыр мойны обырынан» алдын алу жолдарына бағыттадық. Ғалымдардың зерттеулері бойынша адам папилломавирусын жұқтырудың жоғарғы шегі көбіне 16-20 жас аралығында екен. Вакцинаны жасөспірім қыздарға қолданудың өзіндік себебі бар. Егер екпе алғашқы жыныстық қатынасқа дейін жасалса, қатерлі ісікті болдырмауға кепілдік береді. Ал жыныстық қатынастан кейін салынса, әсері алғашқыдай болмауы мүмкін. Сондықтан жастардың жыныстық қатынасқа ерте түсуіне байланысты екпе егу 11-13 жастағы қыздардан бастап жатыр. Қазіргі таңда қатерлі ісік аурулары күрт көбейіп қана қоймай, жасарып келеді. Ертеректе 40-50 жастағы әйелдерде кездессе, қазір 22-25 жастағы қыз-келіншектерде де байқалып келеді.
Адам папилломавирусына қарсы вакцинация «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық егуге жататын халық топтары, оларды жүргізу қағидалары, мерзімдері және міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекіткен. Вакцинация жасау тегін, әрі келісімінен кейін ғана жүргізіледі. Қазақстан Республикасында 351 мың доза сатып алу үшін 9,7 млрд теңге бөлінді. Аталған вакцинация республикалық бюджеттен бөлінеді. БҚО бойынша қажеттілік есебі 11 мын дозаға 308 млнды құраған. Адам папилломавирусына қарсы вакциналар фертильдікке әсер етпейді. Керісінше, олар әйелдің денсаулығы мен фертильдігін қорғауға көмектесетіні айқын. 2006 жылы Адам папилломавирусына қарсы алғашқы вакцина тіркелгенге дейін жүргізілген клиникалық сынақтар, сондай-ақ қауіпсіздік мониторингі және оны енгізгеннен кейінгі зерттеулер вакцинаның әйелдерде ұрпақты болу проблемаларын тудырмайтынын растаған болатын. Шын мәнінде, Адам папилломавирусына қарсы вакцина жатыр мойнының қатерлі ісікке дейінгі өзгерістерін жоюға көмектеседі.
Жатыр мойны обырын емдеу (жатыр мойны мен жатырды толығымен алып тастау, химиялық-терапия және/немесе сәулелік терапия) әйелдің бала туу мүмкіндігін жоғалтуына әкеледі. Дер кезінде осы вакцинаны алатын болса, елімізде жатыр мойнының қатерлі ісікке дейінгі зақымдануын хирургиялық емдеу әйелдің жүктілігін қиындатпауы мүмкін, кейін жүктілік кезінде консервативті емдеу немесе хирургиялық араласу мерзімінен бұрын босануға және ұрықтан айырылу қаупін азайтатыны белгілі.
« Дені сау ұрпақ -дені сау анадан туады »
Әдебиеттер тізімі:
1.www.unicef.org. 2. https://www.uralskweek.kz/kz/2024. 3.Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ). 4. 2023 жылда Қазақстан Республикасының Денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі (статистика). 5.https://ru.wikipedia.org 6.https://ile-tany.kz/2024/ 7. Грецева О.П., Костин А.А. «Адам папилломавирусымен байланысты қатерлі ісіктерден туындаған ауру және өлім» 2019; 4 (3).