Авторлар: Тлеубаева Венера Ануарбековна – медбике
Оразбаева Айгүл Дүйсекеновна – медбике
Карбозова Бейбіткүл Есболатқызы – медбике
ГКП на ПХВ «Боралдай аудандық ауруханасы»
Кіріспе
Қазіргі таңда жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, гипертония, атеросклероз, тыныс алу және эндокриндік жүйенің бұзылыстары сияқты созылмалы аурулар әлемдегі өлім-жітім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сәйкес, барлық өлім жағдайларының шамамен 70%-ы осы инфекциялық емес созылмалы аурулармен байланысты.
Бұл аурулардың алдын алудағы ең маңызды фактор – салауатты өмір салтын (СӨС) ұстану. Оған дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден бас тарту және психоэмоционалдық жағдайды бақылау кіреді.
1. Созылмалы аурулардың қауіп факторлары
Көптеген созылмалы аурулар төмендегі қауіп факторларының әсерінен дамиды:
- Зиянды тамақтану (шамадан тыс тұз, қант, қаныққан майлар тұтыну).
- Гиподинамия (қимылдың жеткіліксіздігі, аз қозғалатын өмір салты).
- Артық салмақ пен семіздік.
- Темекі шегу және алкогольді шамадан тыс пайдалану.
- Созылмалы стресс және ұйқының жеткіліксіздігі.
- Тұқым қуалаушылық бейімділік.
- Қоршаған ортаның ластануы.
Бұл факторлар зат алмасу бұзылыстарына, қабыну процестеріне және жүрек-қан тамырлары, эндокриндік және онкологиялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
2. Салауатты өмір салтының негізгі компоненттері
2.1. Дұрыс тамақтану
Сбалансты тамақтану – созылмалы аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Негізгі ұсыныстар:
- Күніне 400 грамм көкөніс пен жеміс жеу.
- Тұз мөлшерін 5 граммнан, қантты 50 граммнан асырмау.
- Майлардың пайдалы түрлерін пайдалану (зәйтүн майы, жаңғақтар, балық) және трансмайлардан аулақ болу.
- Күніне 4-5 рет тамақтану, біркелкі тамақ қабылдау режимін сақтау.
- Күніне 1,5-2 литр су ішу.
2.2. Физикалық белсенділік
Дене белсенділігі салмақты қалыпты деңгейде ұстауға, жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтуға және стресске төзімділікті арттыруға көмектеседі.
ДДҰ-ның ұсыныстары:
- Аптасына кемінде 150 минут орташа қарқынды немесе 75 минут жоғары қарқынды дене жаттығуларын жасау.
- Бұлшықеттерді нығайту жаттығуларын (йога, күш жаттығулары) аптасына 2-3 рет орындау.
- Күнделікті қозғалысты көбейту (жаяу жүру, баспалдақпен көтерілу, бақшада жұмыс істеу).
2.3. Зиянды әдеттерден бас тарту
- Темекі шегу өкпенің қатерлі ісігінің, созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОӨА) және жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі себебі болып табылады.
- Алкогольді шамадан тыс пайдалану бауырға, жүйке жүйесіне кері әсер етіп, гипертония, инсульт және онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады.
2.4. Психоэмоционалдық жағдайды бақылау
Созылмалы стресс кортизол гормонының деңгейін жоғарылатып, бұл гипертонияға, семіздікке және метаболизмдік бұзылуларға әкелуі мүмкін.
Стрессті басқару әдістері:
- Релаксация әдістерін қолдану (медитация, тыныс алу жаттығулары).
- Түнде 7-8 сағат ұйықтау.
- Әлеуметтік қарым-қатынасты сақтау және эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру.
- Жұмыс пен демалысты үйлестіру.
3. Медициналық мейірбикенің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі
Медбикелер созылмалы аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады, себебі олар науқастармен тікелей байланыста болып, ағартушылық және профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.
Негізгі міндеттері:
- Профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру, қан қысымын, қандағы қант деңгейін, дене салмағының индексін (ДСИ) өлшеу.
- Дұрыс тамақтану және денсаулыққа пайдалы әдеттер бойынша кеңес беру.
- Темекі шегудің және алкогольдің зияны туралы түсіндіру, зиянды әдеттерден арылуға көмектесу.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған топтық іс-шараларды ұйымдастыру.
- Науқастарға психологиялық қолдау көрсету.
4. Жиі кездесетін созылмалы аурулардың алдын алу
4.1. Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу
- Холестерин мен қан қысымының деңгейін бақылау.
- Тұзды және қаныққан майларды тұтынуды азайту.
- Тұрақты физикалық белсенділік.
- Темекіден және алкогольден бас тарту.
4.2. Қант диабетінің алдын алу
- Дене салмағын бақылау.
- Қандағы глюкоза деңгейін тұрақты тексеру.
- Қарапайым көмірсулардан аулақ болу (тәттілер, ұн өнімдері).
- Дене белсенділігі мен стресс деңгейін бақылау.
4.3. Онкологиялық аурулардың алдын алу
- Уақытылы медициналық тексерулерден өту.
- Канцерогендік өнімдерден бас тарту (қақталған тағамдар, қуырылған майлы өнімдер).
- D дәруменінің жеткілікті деңгейін сақтау.
- Терінің, сүт бездерінің және асқазан-ішек жолдарының жағдайын бақылау.
4.4. Семіздіктің алдын алу
- Калориялық балансты бақылау.
- Фастфуд пен трансмайларды тұтынбау.
- Тұрақты физикалық белсенділік.
- Ұйқының жеткілікті деңгейін сақтау және стресс деңгейін басқару.
Қорытынды
Салауатты өмір салты – бұл тек зиянды әдеттерден бас тарту емес, сонымен қатар созылмалы аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайтуға бағытталған кешенді шаралар жүйесі.
Медициналық мейірбикелер пациенттерге денсаулықты сақтау мен өмір сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Олар науқастарға дұрыс өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіреді, үнемі медициналық тексеруден өтуді және белсенді өмір сүруді ұсынады.