Автор:Чиникенова Ф. А.- Врач офтальмолог
Адамның ең басты байлығы- денсаулық екенін бәріміз жақсы білеміз. Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі. Осы орайда біз сіздерге маңызды мүшелеріміздің бірі — көз туралы айтқымыз келіп отыр.
Көз — адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергиясы. Көру мүшесі арқылы біз қоршаған әлемді танимыз.
Темікіден бас тартып, компьютердің алдында ұзақ уакыт отырмаудың өзі көзімізді көптеген аурудан сақтап қалады. Және күн көзіне қарсы киетін қозілдірігімізді міндетті түрде тексеріп алуымыз керек. Ойткені оныңда кері әсері көп. Ал ең бастысы дұрыс тамақтануымыз қажет. Назарларыңызға көз күтіміне пайдалы тағамдарды ұсынамыз.
Жұмыртқаның сары уызы. Жұмыртқа емдік тағамдар қатарына жатады. Ал оның құнды бөлігінің бірі — сары уызы. Жумыртқаның сары уызы лютеиннің қайнар көзі. Бұл антиоксидант бос радикалдармен күреседі. Көбіне бұл ауруға жасы 65— тен асқан адамдар душар болады. Оларға сары уызын шикі күйінде жеген дұрыс.
Өсімдіктер — Қандай тағам жасасақта та өсімдіктерді қосуды ұмытпайық. Олардың құрамында лютеин өте көп. Сондықтан көз ауруларының алдын алады.
Майлы балықтар — Лосось, скумбрия, тунец, анчоус сынды балықтардың дәмі де тәтті, пайдасыда мол. Олардың құрамында майлы қышқылдар өте көп. Ал ол қышкылдар біздің көру клетқаларымызды жақсартады.
Цитрусті жеміс- жидектерде біздің көзімізге пайдалы деп есептейді. Ойткені олардың құрамында дәрумендердің барлық түрі кездеседі. А дәрумені көздің қөруіліқ нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынаң қорғайды. С — дәрумені көз ішіндегі қысымның көтерілуіне жол бермейді. Е — дәрумені қатарактаға қарсы күреседі. Себебі: қатаракта кезінле сәуленің көз бұршағына өтеуі қиындайды, көздің көруі нашарлайды. Сондықтан цитрусты жеміс — жідектердің көз ауруларына қарсы көмегі көп.
Сәбіз — жалпы адам денсаулығына пайдалы көкеніс. Ол көздің көруін жақсартады. Өйткені құрамында лютеин мен бета- каротин бар. Ал бета- каротиннің құрамындағы дәрумендер көзге мол әсерін тігізеді.
Миндаль басқа да жаңғақтар секілді дәрумендерге бай. Жоғарыда айтқандай дәрумендер катарактадан құтқарады. Күнделікті миндаль шеп тұрсаңыз. Е дәруменімен құнарланазыз.
Дәруменді тамақтану денсаулықты жақсартып қана қоймай, көздің өткірлігін де көтеріді.