Көктемнің келуімен бірге табиғат аясында демалуға деген ықылас артады. Дегенмен, бұл кезеңде кенелердің белсенділігі күшейеді, әсіресе орманды немесе бұталы жерлерде. Олардың шағуы кейде кене энцефалиті сияқты қауіпті вирустық аурулардың жұғуына себеп болуы мүмкін.
Кене энцефалиті қалай жұғады?
- Вирус жұқтырған иксодты кененің шағуы арқылы;
- Сирек жағдайларда — шикі ешкі, сиыр, қой сүтін ішкенде;
- Кенені жаншу немесе шаққан жерді қасу кезінде.
Белгілері:
- Әлсіздік
- Бас ауруы
- Жүрек айну, құсу
- Тәбеттің төмендеуі
- Қызу көтерілуі
- Шаққан жерде қызару (гиперемия)
Алдын алу шаралары:
Табиғат аясында жүргенде:
- Ұзын жеңді киім киіңіз: жеңді шалбарға, шалбарды шұлыққа салып, терінің ашық жерлерін жабыңыз.
- Бас пен мойынды орамалмен немесе капюшонмен жабыңыз.
- Киім мен денені мезгіл-мезгіл тексеріп тұрыңыз.
- Репелленттерді (жәндікке қарсы құралдарды) ашық теріге және киімге жағыңыз.
- Егер кене шақса — дәрігерге жедел жүгініңіз.
Медициналық көмек болмаса:
- Кенені өзіңіз де алып тастай аласыз:
– Бір тамшы май тамызып,
– Пинцетпен немесе жіппен ақырын айналдырып шығарыңыз.
– Егер тұмсығы қалса — инемен немесе пинцетпен абайлап алып тастаңыз.
– Шаққан орынды йодпен өңдеп, қолыңызды мұқият жуыңыз.
Есіңізде болсын:
Кенелердің бәрі қауіпті емес, бірақ сақтық шараларын сақтау — аурудың алдын алудың ең тиімді жолы. Табиғатта демалу үшін қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыз!