Автор: Мухаметжанова Карлыгаш Базартаевна, Школьная медсестра, ГКП на ПХВ «Алакольская центральная районная больница» отделение с.Кабанбай.
Безгек (Маlаrіа — безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.Безгек — ауру адамнан сау адамға масалардың шағуы арқылы берілетін паразитарлық ауру, безгекті қарапайымдылардың Plasmodium түрі тудырады: P. Falciparum, P. Vivax, P. Ovale және P. мalariae Тропикалық елдерде P. Falciparum кең таралған, науқасқа жедел медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда, безгек өлімге әкеп соғуы мүмкін. ДДСҰ деректері бойынша жыл сайын эндемиялық елдерде аурудың 300 миллион жағдайы безгектен туындайды және балалар өлімінің басты себебі болып табылады. Безгек ауруына эндемиялық елдерден тұрақты тұру үшін көшіп келген азаматтар безгек ауруына тексерілулері қажет. Безгек ауруы кең тараған елдерге баратын барлық Қазақстан Республикасының азаматтары осы елдерге барар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігерініне қаралып, безгектің алдын алу шараларымен танысуы және безгекке қарсы қолданылатын химиялық препараттарды қабылдау жөнінде кеңес алуы керек. Дәрінің мөлшері мен қабылдау тәртібін дәрігер анықтайды. Безгектің алдын алу үшін қолданылатын дәрілерді эндемиялық елдерге баруға бір апта қалғанда қабылдау керек.
Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы ғана тропикалық елде безгектен сақтануға болатынын естеріңізден шығармаңыздар!
Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы- масаны денеге жолатпау болып табылады. Безгек масалары адамды түнгі уақытта шағады, сондықтан қараңғы түскеннен кейін үйге кіру қажет. Кеш уақытында денені толық жауып тұратын киімдерді киіп, терінің ашық қалған жерлеріне репелленттерді жұқа етіп жағу керек.