Бастың ауыруы

Медицина

Авторлар: Жанысбаева Багилаш Солтановна — Ақши аулы фельдшерлік пункт медбике, Кусайнова Фарида Танирбергеновна — ВА Жайпак  фельдшер, Тулегенова Шынар Болатовна — СВА Жайпак моп

Бас ауыру — әр түрлі себептерден болатын ауырсыну сезімі. Қан айналу жүйесінің қызметі бұзылғанда (гипертониялық ауруларгипотониябас сақинасы — мигрень) миға қан біркелкі келмейді де, бас сырқырап, солқылдап және тырысып ауырады. Басы ауырып отырған адамның мазасы кетеді, мойын бұлшық еттері құрысады. Маңдайсамай, төбе аймақтарынан ауру сезімі үшкіл нервтер, ал шүйдеден — кезбе, тілжұтқыншақ нервтері және мойын өрімдері арқылы беріледі. Бас ауыру белгісінің күші ми бөлігінің қызметтеріне, әр адамның табиғи жаратылысына, атап айтқанда, ауру сезімін қабылдау деңгейіне де байланысты болады. Бас ауыру жұқпалы аурулардан, көз, құлақ сырқаттарынан (мысалы, алысты көре алмау, отит, т.б.), уланудан, жүйке сырқаттарынан, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, қан құрамындағы зат алмасу процестерін үдететін (адреналингистамин, т.б.) заттардың шамадан тыс көбейіп кетуінен де болады. Бас ауырудың көп кездесетін белгісінің бірі — бас айналу. Ол қалыпты жағдайда да, мысалы, әйелдердің жүкті кезінде, лифтімен тез көтерілгенде, биіктен төмен қарағанда, жылдам қозғалған нәрсені бақылағанда, т.б. байқалады. Бас ауырудың себебін дәл анықтау үшін лабораториялық әдістер пайдаланылады (мысалы, бас, мойын сүйектерін рентгенге түсіру; қанын, зәрін талдаудан өткізу). Ауру анықталмаған жағдайда, жұлын-ми жолын инемен тесіп, алынған сұйықты биохимиялық талдаудан өткізеді; қысқаша Биопсия.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *