Авторлар:Абилова Куляш Саулетовна – балалар бөлімінің аға мейірбикесі
Меркибаева Индира Анарбековна – жұқпалы аурулар бөлімінің мейірбикесі
Медетова Күлжан Бейсембиевна – реанимация бөлімінің аға мейірбикесі
ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» МКК
Аннотация
Анафилаксиялық шок – бұл кенеттен дамитын, өмірге қауіп төндіретін аллергиялық реакция, ол жылдам әрі шұғыл медициналық араласуды талап етеді. Бұл мақалада анафилаксияның себептері мен клиникалық көріністері, мейірбикенің әрекет ету алгоритмі, бақылау мен алдын алу шаралары толық сипатталады. Анафилаксиялық шок кезінде мейірбике — өмір мен өлім арасындағы маңызды шешімді жүзеге асыратын алғашқы көмек көрсетуші маман.
Кіріспе
Анафилаксия – бұл аллергияның ең ауыр түрі, иммундық жүйенің сырттан енген аллергенге шамадан тыс және жүйелі реакциясы нәтижесінде дамиды. Анафилаксиялық шок – оның ең ауыр формасы. Жиі түрде бұл жағдай дәрілік препараттардан, тағамдардан, жәндік шаққаннан немесе вакциналардан кейін туындайды.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, анафилаксия жыл сайын әлем бойынша 0,05–2% халық арасында кездеседі, ал кейбір елдерде бұл көрсеткіш өсуде. Қазақстанда тіркелген анафилаксия жағдайларының көп бөлігі алғашқы медициналық көмек көрсетілетін мекемелерде байқалады.
Анафилаксияның себептері
Себеп Мысал
Дәрілік препараттар Пенициллин, анестетиктер, бұлшықет босаңсытқыштар
Тағам өнімдері Жұмыртқа, балық, жаңғақтар, сүт, теңіз өнімдері
Жәндік уы Ара, сона, шегіртке шаққанда
Иммунобиологиялық препараттар Вакциналар, сарысулар
Физикалық факторлар Қатты физикалық жүктеме, суық немесе ыстық әсері
Клиникалық белгілері
Анафилаксия белгілері аллергенмен байланыстан кейін бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін уақыт ішінде дамиды:
Жалпы симптомдар:
Қатты әлсіздік, бастың айналуы
Тыныс алудың қиындауы, ентігу
Бет, ерін, тіл, жұтқыншақтың ісінуі (ангионевротикалық ісіну)
Жөтел, ысқырықты тыныс
Теріде бөртпе, қышыну, қызару
Іштің ауыруы, құсу, диарея
Жүрек соғуының жиілеуі, қан қысымының күрт төмендеуі
Сананың шатасуы, естен тану
Аса ауыр жағдайда:
– жүрек тоқтауы, клиникалық өлім дамуы мүмкін.
Мейірбикенің шұғыл әрекет алгоритмі
Мейірбике анафилаксиялық шок кезінде тез, нақты және үйлесімді әрекет етуі керек.
1. Контактты тоқтату
Аллерген енгізу тоқтатылады (дәрі, тағам, инъекция)
Жара болса — жуған жөн, жәндік уы – жоюға тырысу
2. Науқасты жатқызу
Жатық күйде, аяқтарын көтеріп (төмен қан қысым кезінде)
3. Оттегімен қамтамасыз ету
Маска арқылы 5–10 л/мин жылдамдықпен
4. Дәрілік көмек көрсету (дәрігер тағайындауымен)
Адреналин 0,1% – 0,3–0,5 мл бұлшықетке (санның алдыңғы-бүйір бөлігіне)
→ Қайталануы мүмкін: әр 5–10 минут сайын
Преднизолон 60–120 мг немесе дексаметазон 8–16 мг вена арқылы
Антигистаминдер: супрастин, тавегил в/м немесе в/в
Физраствор (NaCl 0,9%) – инфузиялық қолдау үшін
5. Жедел жәрдемді шақыру
Қан қысымы, тыныс, пульс – мониторинг
ЭКГ – мүмкін болса
Қайталама реакцияны болдырмау үшін науқасты стационарға жатқызу қажет
Мейірбикелік бақылау стационар кезеңінде
Гемодинамикалық көрсеткіштерді (ҚҚ, ЖЖЖ, тыныс жиілігі) тұрақты бақылау
Қайталама реакцияларға дайын болу
Оттегі терапиясын жалғастыру
Дәрілік заттардың жанама әсерін бақылау
Науқас пен туыстарына психологиялық қолдау көрсету
Медициналық құжаттамада оқиға барысын толық тіркеу
Алдын алу және мейірбикенің ағартушылық рөлі
Анамнез жинауда мұқият болу: бұрын болған аллергиялық реакциялар туралы білу
Аллергиясы бар пациенттерге ескерту білезігі тағу немесе жеке карта
Аллергенді болжау мүмкін болғанда алдын ала дайындық жүргізу (профилактика)
Ата-аналар мен пациенттерге анафилаксия белгілері туралы түсіндіру
Медициналық ұйымдарда анафилаксиялық шокқа арналған қобдиша әрдайым дайын болуы тиіс
Қорытынды
Анафилаксиялық шок — күтпеген, жылдам дамитын, бірақ уақытылы әрі кәсіби көрсетілген көмек арқылы толық қалпына келетін жағдай. Мейірбике бұл жағдайда шұғыл әрекет ететін, адам өміріне жауапты тұлға болып табылады.
Білімділік, жинақтылық, клиникалық шешім қабылдау дағдысы және коммуникация – мейірбикенің науқастың өмірін сақтап қалудағы басты құралы.