Көз аурулары

Мақала

Авторлар:Құдайбергенова Эльмира Сабыржановна  —жалпы тәжірибелі медбике

Васюк Светлана Ивановна —жалпы тәжірибелі медбике

Султанова Гульжан Периауатовнажалпы тәжірибелі медбике

Жетісу облысы,Алакөл ауданы ШЖҚ Алакөл аудандық орталық ауруханасы,Достық ауылдық ауруханасы.

Көз аурулары: себептері, түрлері және емдеу жолдары

Көз аурулары – көздің көру қабілетінің нашарлауына, сәуле сындыру күшінің бұзылыстарына (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматизм, дальтонизм) байланысты пайда болатын патологиялар. Сонымен қатар, кейбір көз аурулары туа біткен болып келеді. Соңғы жылдары туа біткен глаукома (су қараңғы) және көз жарақаттары жиі кездесуде.

Көз ауруларының пайда болу себептері

Көз ауруларының дамуына түрлі сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Олардың ішінде:

  • Механикалық факторлар – көзге түсетін жарақаттар, соққылар, бөгде заттардың түсуі;
  • Физикалық факторлар – шаң-тозаң, химиялық булар (үшнитротолуол, күкіртті сутек, мышьяк);
  • Физикалық-химиялық факторлар – ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер, жарық;
  • Жалпы организмнің аурулары – инфекциялық және жүйелік аурулар;
  • Тұрмыстық жағдайлар – нашар желдетілетін үйлердегі түтін, дұрыс тамақтанбау.

Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері

  1. Басыр – көру қабілетінің біртіндеп төмендеуі.
  2. Бленнорея – көздің шырышты қабығының қабынуы, көбінесе жаңа туған нәрестелерде кездеседі.
  3. Катаракта – көз бұршағының бұлдырауы, жарық өткізу қабілетінің төмендеуі.
  4. Конъюнктивит – көздің шырышты қабатының қабынуы.
  5. Көзге ақ түсу (лейкома) – қасаң қабықтың мөлдірлігінің жоғалуы.

Көзге ақ түсу (лейкома) – бұл қасаң қабықтың зақымдануы нәтижесінде пайда болатын ақ дақ. Ол жарақаттану, қабыну немесе инфекциялық аурулар (қызылша, шешек, туберкулез) салдарынан дамиды. Ақ дақ көздің қарашығын жауып қалса, көру қабілеті нашарлайды немесе толықтай жоғалуы мүмкін. Егер дәрі-дәрмектер көмектеспесе, хирургиялық жолмен емдеу (операция) қажет.

Конъюнктивит және оның асқынуы

Конъюнктивит – көздің ең жиі кездесетін қабыну ауруларының бірі. Ол көздің шырышты қабығына бактериялар, вирустар немесе аллергиялық реакциялар әсерінен пайда болады. Созылмалы конъюнктивиттің пайда болуына көздің шамадан тыс жүктелуі, дұрыс көзілдірік тақпау, гигиеналық ережелерді сақтамау әсер етеді.

Конъюнктивиттің негізгі белгілері:

  • Қызару және ісіну;
  • Көзден ірің немесе шырыш бөлінуі;
  • Жырғалау, жарыққа сезімталдық;
  • Ұйқы кезінде кірпіктердің бір-біріне жабысып қалуы.

Аурудың орташа ұзақтығы – 2-4 апта. Инфекция көзге лас қол, кір орамал немесе сүлгі арқылы түсуі мүмкін. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау – конъюнктивиттің алдын алудың ең тиімді жолы.

Қорытынды

Көз ауруларының алдын алу үшін көзді жарақаттардан қорғау, гигиеналық ережелерді сақтау, сапалы тағам тұтыну және уақытылы дәрігерге қаралу маңызды. Егер көзде қандай да бір өзгерістер байқалса, өзін-өзі емдеумен айналыспай, офтальмологтың кеңесін алу қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *