Авторлар: Ниязбекова Милана Борисовна — Медсестра кабинета Контроля Инфекционных Заболеваний, Дуйсенбекова Жанар Кенесбаевна — Медсестра эндокринологического кабинета, Бекбосинова Айгул Жаныбековна — Медсестра УЗИ кабинета, ГКП на ПХВ «Аксуская ЦРБ»
Демікпемен ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді.
Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақ ата-анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол өкпе эмфиземасы|өкпе эмфиземасына ұласады.
Демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін.
Демікпе алдында — тыныстың демікпесі болып өткен организмдегі хал-жай, күшті жөтел ұстайды: көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы түрінде немесе ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынның аллергиялық ауруы немесе мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды.