Түнгі уақыттағы тіс ауруынан қалай құтылуға болады

Стоматология

Автор: Шуиншинова Гулдария Аскербаевна
ГКП на ПХВ Алакольская ЦРБ стоматология медбикесі



Түнгі уақыттағы тіс ауруы — барлығымызға таныс жағдай.  Одан құтылу өте қиын, өйткені адамның көңілін ауру сезімінен басқаға аудару оңай болмайды.
Сіздерге тіс ауруын жеңілдететін бірнеше тәсілдерді ұсынамыз.
Ауру сезімін басатын дәрі ішу
Дәріқағазсыз (рецепт) берілетін ауру сезімін басатын парацетамол  немесе ибуфен сияқты дәрілерді қабылдау көптеген адамдар үшін жеңіл және орташа тіс ауруын тиімді азайтудағы ең жылдам және қарапайым әдіс болып табылады. Әрқашан қорапта көрсетілген ұсынылатын мөлшерді сақтаған жөн. 
Суық компресс
Суық компресс тіс ауруын жеңілдетуі мүмкін. Орамалға оралған мұз салынған пакетті бет немесе жақтың зақымданған аймағына қойса, сол жердегі қан тамырларын тарылтып, ауру сезімін азайтады және адамға ұйықтауға мүмкіндік береді. 
Тұзды сумен шаю
Тұзды сумен шаю – тіс ауруын басатын үй жағдайындағы классикалық тәсіл. Тұзды су табиғи бактерияға қарсы агент және соның арқасында қабыну үрдісін азайтуы мүмкін. Сонымен қатар зақымданған тістерді жұқпадан қорғауға көмектеседі. Тұзды сумен шаю тістегі немесе қызыл иектегі тұрып қалған тамақ қалдықтарын алып тастауға көмектеседі.
Басты жоғары көтеру
Баста қанның жиналуы қосымша ауру сезімі мен қабынуды шақыруы мүмкін.  Кейбір адамдар үшін қосымша жастықпен басты жоғары көтеру оның жағдайын жақсартып, тіпті ұйықтап кетуге мүмкіндік береді. 
Емдік жақпалар
Кейбір емдік жақпалар да тіс ауруын азайтуы мүмкін. Дәріқағазсыз берілетін ауру сезімін басатын, құрамында бензокаин бар гель немесе жақпалар зақымданған аймақтың жансыздануын шақыруы мүмкін. Алайда ерте жастағы балаларға оны жағуға болмайды. 
Сутегінің асқын тотығымен шаю
Пародонтит – ауыз қуысының нашар гигиенасы салдарынан дамитын тісжегінің қауіпті жұқпасы. Бұл ауру сезімі, тіс жегінің қанауы және ойықтардағы тістердің босауы сияқты проблемаларды шақыруы мүмкін.  Ауыз қуысын сутегінің асқын тотығымен шаю тістік өңезді және пародонтит белгілерін азайтуға көмектеседі. Сутегінің асқын тотығын әрқашан бірдей мөлшердегі сумен араластыру қажет. Ерітіндімен ауызды шайқаңыз, бірақ оны ішпеңіз. Бұл әдіс балаларға қолданылмайды. Өйткені олар ерітіндіні ішіп қоюы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *