Авторлар: Жанысбаева Багилаш Солтановна — Ақши аулы фельдшерлік пункт медбике, Кусайнова Фарида Танирбергеновна — ВА Жайпак фельдшер, Тулегенова Шынар Болатовна — СВА Жайпак моп
Безгек (Маlаrіа — безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.Безгек — ауру адамнан сау адамға масалардың шағуы арқылы берілетін паразитарлық ауру, безгекті қарапайымдылардың Plasmodium түрі тудырады: P. Falciparum, P. Vivax, P. Ovale және P. мalariae Тропикалық елдерде P. Falciparum кең таралған, науқасқа жедел медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда, безгек өлімге әкеп соғуы мүмкін. ДДСҰ деректері бойынша жыл сайын эндемиялық елдерде аурудың 300 миллион жағдайы безгектен туындайды және балалар өлімінің басты себебі болып табылады. Безгек ауруынан оған қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау және масалардың шағуынан қорғану арқылы сақтануға болады.
Безгек ауруына қарсы вакцинаның жоқ болуына байланысты, алдын алу мақсатында тек химиялық препараттар қолданылады.
Безгекке қарсы күрестің барынша тиімді түрі-науқасты және паразит тасымалдаушыны ерте анықтау болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға қайтып келгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерге безгек ауруы бойынша эндемиялық елден келгендігі туралы хабарлап, дене қызуы көтерілген жағдайда бірден емдеу алдын алу мекемелеріне барып, қанды безгек ауруына тексерту қажет.
Безгек ауруына эндемиялық елдерден тұрақты тұру үшін көшіп келген азаматтар безгек ауруына тексерілулері қажет. Безгек ауруы кең тараған елдерге баратын барлық Қазақстан Республикасының азаматтары осы елдерге барар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігерініне қаралып, безгектің алдын алу шараларымен танысуы және безгекке қарсы қолданылатын химиялық препараттарды қабылдау жөнінде кеңес алуы керек. Дәрінің мөлшері мен қабылдау тәртібін дәрігер анықтайды. Безгектің алдын алу үшін қолданылатын дәрілерді эндемиялық елдерге баруға бір апта қалғанда қабылдау керек.