Миопия

Мақала

Автор:Чиникенова  Ф. А.- Врач офтальмолог

  Ата- аналарға кеңес. Жақыннан көргіштік.                         

 ( Миопия) — бұл көздің рефракция аномалиясы,миопия кезінде сурет көздің торлы қабағында  емес,оның алдыңғы  жағында орналасады. Соның әсерінен  алыс қашықтықта орналасқан обьктілер анық көрінбейді.         

      Мектеп бітірісімен миопия шамаммен 20- 30 % оқушыларда дамитыны  белгілі, 5 % да ол ары қарай дамып,көру қызметінің  нашарлауына алып келеді.Прогрессирлеу жылдамдығы жылына 0.5 — 1.5 Д дейін  жетуі мумкін. Жақыннан көргіштіқ ең  жиі 8 — 20 жас аралығында  дамиды. Жақыннан көргіштіктің  пайда  болу себебіне  сипаттама  беретін бірнеше теориялар бар. Аветисовтың ұсынған теориясы колданылады.Бұл теория бойынша жақыннан көргіштіктің бастапқы себебі болып,көз ішіндегі цилиарлы булшықет әлсіздігі танылады. Ол көп жағдайда  туа пайда болғанда әлсіз болғанына қарамастан, ұзақ уақыт өз  қызметін атқарып тұра алады. Көз белсенді өсу кезінде ұзыннан өсіп,сопақша пішінге ие болады. Сонымен қоса,цилиарлы бұлшықеттің  қанмен дұрыс қамтамассыу етілмеді де аккомадация әлсіреуіне  алып келеді.

         Қазіргі  жастардың көп уақыт компьютер, смартфон, кітап алдында, жабық пәтерде көп  отыру арқасында көз бүлшықеттері  аз қозғалады. Сонын арқасында көз сопакша  пішінге ие болып, оның  қанмен қамтамассыз  етілуі  одаң әрі томендей туседі. Ал бұл өз  кезегінде  миопия туындауға күшті  фактор болып келеді.

    Миопияның клиникалық көрінісі. Миопиянын 3 сатысы: 1. Әлсіз — 3.0 Д  дейін. 2. Орташа — 3.25Д бастап —6.0 Д дейін. 3.Жоғары — 6.25 Д және одан жоғары.

      Миопияны  алдын алу.

Жақыннан көргіштікті  алдын алу аса маңызды шаруа болып табылды. Ол бала жасында басталуы керек. Алдын алудың негізін бала  денсаулығын жақсартуга физиқалық жағдайын күшейтуге бағытталған шаралар құрайды.

     Физикалық жаттығулармен ( шанғы тебу, малту, журу, велосипед тебу) айналысу ұсынады.Көп уакыт таза ауада өткізген  дұрыс. Шектен  тыс  жүктеме,жылдам қозғалуды талап ететін спорт турлеріне қатыспаған жөн.

      Сонымен қатар,дұрыс қашықтықта оқу және жазу ( 30— 35 см) сабақ қарау орнының дұрыс жарықтануына мән беру керек. Жақыннан көргіштік дамуы мүмкін қауіп тобындағы  балаларға аса көңіл бөлген дұрыс.Бұл топқа бурын миопия дамыған  балалар жатады.Осындай  балалармен көздің аккомодациясын  жаттықтыру үшін  арнайы жаттығулар жасайды. Жәнеде дер кезінде көз дәрігеріне барып қаралып, диспансерлік учетқа турып,уақытылы ем алу қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *