Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Екпеден бас тарту — қиын жағдайға душар етеді


6 декабря 2017, 04:32 | 2 502 просмотра



Облыста екпеден бас тартту мәселесі бойынша жағдай қандай?

Өкінішке орай қол жеткізілген табыстарға байланысты біз инфекциялардың қалай ауыр өтетінін ұмыта бастадық. Салдарынан профилактикалық екпелерден бас тарту жағдайлары жиілеп кеткен.

Тек жыл басынан облыста вакцинациядан бас тартудың 358 жағдайы тіркелді. Оның ішінде жас көрсеткіштері бойынша жоғары үлес салмағы 1 жасқа дейінгі балаларға келеді – 76,3% (273).

Бас тартудың негізгі себептері жеке басының көзқарасына – 69,3% (248) және діни сенімдерге – 22,3% (80) келеді, сонымен қатар вакцинаға сенбеушілік (5% — 18) және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (интернет-ресурстар, баспасөз, теледидар арқылы) теріс ақпарат орын алуда (3,4% — 12).

Ресми мәліметтерге сүйенсек әр елдің егу кестелері әртүрлі. Біздің елімізде қанша жұқпалы ауруларға қарсы иммундау жүргізіледі және ол ақылы ма?

Дамыған мемлекеттермен салыстырсақ біз «Ұлттық күнтізбемізбен» мақтана аламыз. Себебі басқа мемлекеттерде шамамен 11-14 жұқпалы ауруларға қарсы иммундау жүргізіледі. Ал біздің елімізде ҚР Ұлттық күнтізбесіне сәйкес 21 жұқпалы ауруларға қарсы, ақысыз түрде иммундау жүргізіледі.

Сондай – ақ басқа елдерде екпеге вакциналарды сатып алуға қаражатты арнайы қор немесе ірі компаниялардан қарастырса, біздіз елімізде қаражат жыл сайын Үкіметтен бөлінеді және ол қысқартуға жатпайды.

Екпе тым көп емеспе? Баланың ағзасы осынша екпені көтере ала ма?

Нәрестенің иммундық жүйесі туылғаннан бастап бір мезгілде бірнеше жұқпалы ауруларға қарсы тұруға мүмкіндігін барын ғалымдар дәлелдеген. Осының нәтижесінде бірнеше ауруларға қарсы құрама вакциналар шығарылды (мысалы, көкжөтел+сіреспе+дифтерия+гепатит В+ b типті гемофильді жұқпа+полиомиелит немесе қызылша+ қызамық+паротит). Бұндай вакциналардың қолданылуы ине салу санын азайтты. Сонымен қатар, жаңа технологиялардың нәтижесінде вакциналар сапасы жағынан да өзгеруде, жаңа вакциналардың құрамы балласт заттар және құрамында сынап заттарының консерванттарынан арылған. Бұл жағымсыз әсерлердің қаупін әлдеқайда төмендетеді.

Көптеген аналар екпеден кейін мүмкін болатын әсерлерді естіп, екпеден мүлде бас тартады. Екпеден кейінгі асқыну туралы не айтасыз? 

Сұрағыңыз орынды, бүгінгі күні вакциналар туралы халық арасында теріс пікірлер жиі айтылады. Себебі босанғаннан кейін жас ана жаңа туылған нәрестеге екпе салу қажеттігімен бетпе-бет келеді. Баланың жасы ұлғайған сайын екпелер де көбейеді. Екпелер – бұл балаға қамқорлық көрсетудің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады.

Баспасөздегі екпелер туралы негізсіз сындар, екпеден кейінгі жеке жағдайларды есепке алмағанда, жұртты таң қалдыратын оқиғаларды күшейтумен байланысты. Иә, жағымсыз әсерлер барлық дәрілік заттарға, оның ішінде вакциналарға да тән қасиет.

Бұл жерде біз екі қағиданы анық ажырата білуіміз қажет: екпеден кейінгі әсер мен асқыну. Екпеден кейінгі әсерлер, олар екпе салынған жердің қызаруы, қышуы және дене қызуының аз уақытқа сәл көтерілуі. Бұл әсерлердің денсаулыққа зияны жоқ. Қазіргі заманауи вакциналарды балалар жақсы көтереді, сондықтан екпеден қорқудың қажеті жоқ. Бірақ екпеден бас тарту арқылы ата – аналар баласын жұқпалы аурулармен ересек кезінде сырқаттануына және олардың өте ауыр түрде өтуіне итермелейді.

Асқынулар медициналық қарсы көрсетілімдерді ескермегенде пайда болуы мүмкін. Вакцинациядан кейінгі асқыну жұқпалы аурумен сырқаттану кезіндегі асқынулардан мың есе сирек кездесетінін естен шығармауымыз қажет.

Әрине, соңғы шешім ата – аналармен қабылдануы тиіс. Бірақ шешім жоғары дәрежеде негізделген және жауапты болуы қажет. Себебі көп жағдайда вакцинаның пайдасы туралы күмән тудыратын ойлар, қажетті ақпараттың болмауымен байланысты.

Екпелер шын мәнінде қажет пе және вакцинаның жеткен жетістігі қандай?

Әрине қажет, вакцинация бұл медицина ғылымының басты жетістігі болып табылады. Вакцина шығарылғанға дейін жұқпалы аурулардан балалар өлімі  және жалпы өлім жағдайы он еседен жоғары болатын! Шешек ауруы миллиондаған адамдардын өмірін алып кетті. Бірақ бүгінгі күнге медицина саласында алдын алу шарасының дамуының нәтижесінде, аталған жұқпалы ауру туралы тек ғана медициналық кітаптардан оқып білуге болады.

Біршама уақыт бұрын, яғни 40 – 45 жыл бұрын полиомиелит вирусы жыл сайын жүз мыңдаған балаларды мүгедекке айналдырды, ол – бұлшық ет қимылын басқаратын жүйке жүйесінің орталығын бұзып  балаларды салдануға әкелетін. Полиомиелитке қарсы иммундау науқанын жүргізу нәтижесінде, полиомиелитті жоюға қол жеткізілді, сырқаттанушылық 99% төмендеп, бес милионға жуық бала мүгедектіктен қорғалды. 2002 жылы Қазақстан полиомиелиттен еркін аумақ  ретінде сертификатталған. Алайда Африка, Пәкістан елдерінде жабайы полиомиелит вирусының айналымы жалғасуда, бұл инфекцияның әкеліну қаупін сақтайды, сондықтан біз полиомиелитке қарсы вакцинациялау жүргізуді жалғастырамыз.

Неліктен балаға екпені кішкентай жасынан салып бастайды?

Көптеген нәрестелерде қорғаныс антиденелері плацента арқылы анасынан беріледі. Бірақ бұл антиденелер нәрестенің 5-6 айлығында  жоғалып кетеді. Иммунитеттің төмендеуі болады. Балалар әр – түрлі вирустар мен бактерияларды жұқтыруға бейімді болып келеді.  Көптеген жұқпалы аурулар ауыр өтеді және асқынуларға әкеліп соқтырады, тіпті балалардың өмірінің алғашқы айлары немесе жылдарында өлім жағдайына әкеледі. Себебі жұқпалардан қорғануды вакцинаның көмегі арқылы жасайды.

Жалпы қолданылатын вакциналар тиімді және қауіпсіз бе?

Балаларды сапасына кепілдік берілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда тұрғындарды иммундауға ҚР-да мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар қолданылады. Сонымен қатар балаларды кепілденген сапалы вакцинамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министірлігімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатылып алынады. 2013 жылдан бастап ҚР әкелінген вакцинаның сапасын және қауіпсіздігін бағалау мақсатында әр – бір партиясын міндетті түрде сертификаттау енгізілген.

Құрметті ата – ана бүгінгі күнге дамыған медицинада жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакцинадан басқа тиімді әдіс жоқ. Баланың қауіпсіздігі Сіздің қолыңызда! Балаңыздың денсаулығының пайдасына таңдау жасаңыз және балаңыз егілмей ауырып қалса балабақшадағы, мектептегі басқа балаларға қауіп тудыратынын ұмытпаңыздар!

Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Е.Сыдыманов.

Автор:
Taldykorgan-online.kz