Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МҮЙІЗГЕК


14 июня 2010, 23:47 | 2 343 просмотра


ХАЛЫҚ ЕМІ

Мүйізгек пайда болса, лимон қабығын мәйегімен бірге ыстық суға салып жұмсартып, жатар алдында мүйізгекке басып дәкемен таңып тастау қажет. Осылай 2-3 рет жасағаннан кейін мүйізгекті еш қиналмай алып тастауға болады. Құяңмен ауырсаңыз, ауырған жерге жұқалап бал жағып, үстіне 1-2 қабат дәретхана қағазын, оның үстіне 2-3 қыша қағазын басып, полиэтиленмен жабасыз. Осыдан соң жылы оранып жату керек. Бұл компресті 1-1,5 сағат ұстаған жөн. Егер денеңіз қатты ашыса, ем шарасын дереу тоқтату қажет.

Сүйек сынса, сынық тез біту үшін жақсылап ұнтақталған жұмыртқа қабығын тамақ алдында 30 минут бұрын 1 шай қасықпен жеу қажет. Қабықты ұнтақтамас бұрын оны ішкі бетіндегі пленкадан тазартқан жөн. Ұнтаққа бал және бірнеше тамшы лимон шырынын қосуға болады.

Терінің саңырауқұлақ сырқатын жұқтырып алсаңыз, 250 г сұйық балшық алып /бұл үшін құрғақ балшықты алып, сұйық қаймақ секілді болғанша оған салқын су қосып араластырады/, 9% сірке судан 1 ас қасық қосады да жақсылап араластырады. Осы қоспаны зақымдалған жерлерге 1-4 сағат басады. Бұл ем шарасын күніне 1 реттен 12-16 күн бойы орындайды. 2-3 апта демалған соң ем курсын қайталауға болады. Құрғақ жөтел немесе кеудеде сырыл болса, қара аюбадам /черная бузина/ гүлдерінің тұндырмасын ішкен пайдалы: 3-4 ас қасық құрғақ гүлдердің үстіне 1 л қайнап тұрған су құйып, жылы орап 1 сағат тұндырады. Тұндырманы ыстық күйінде бал қосып, күніне 3-4 құтыдан ас алдында ішеді.

Қан қысымыңыз ауытқыса, 1 шай қасық алма сірке- суын бөлме температурасындағы 1 құты суға салып араластырыңыз. Сусынды қотара ішіп салыңыз. Қан қысымыңыз қалпына келеді. Ішек құрты болса, оларды пияз тұндырмасының көмегімен жоюға болады. Бұл үшін пиязды бірнеше бөлікке бөліп, суы бар құтыға бір түнге салып қояды. Таңертең пияз бөлшектерін сол суға сығып алады да суды аш қарынға ішеді. Бұл ем шарасын 3-4 күн қатарынан жасау қажет.

Тізе қақсаса, тізеге түйежапырақ не қырыққабат жапырағын кезектестіріп басады: бір апта түйежапырақ бассаңыз, келесі аптада қырыққабат басасыз. Тізенің ауыр-ғаны мүлде жойылғанша, бұл ем шарасын тоқтатпайсыз. Қолқа демікпесі мазаласа, 300 г балға алоэның ұсақтап туралған жапырағын қосасыз да үстіне 0,5 құты су құйып, 2 сағат баяу отта қайнатасыз.

Қайнатпаны суытып, жақсылап араластырып, салқын жерде сақтайды. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдайды.

Автор:
Тау ШҰБАР