Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Туберкулезді емдеуге болады


7 июня 2010, 14:10 | 1 881 просмотр



Туберкулездің проблемасы жыл сайын жалпы қауымның және халықтың назарын өзіне көбірек аударуда. Бұл соңғы жылдары туберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуімен, оның ауыр, жіті ағымдағы және туберкулезге қарсы препараттар-

ға төзімді түрлерінің пайда болуымен, жағдайлардың өліммен аяқталуымен байланысты. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық мәліметтері бойынша жыл сайын дүниеде 8-10 млн. адам туберкулезбен ауырады, 3 млн.-ы жыл сайын туберкулезден көз жұмады. Қазақстан Республикасында жыл сайын туберкулезбен 20-25 мың адам ауырады, 4-6 мың туберкулезбен науқастанғандар қайтыс болады. Ал Текелі қаласында жылына орта есеппен 20-25 адам туберкулезбен науқастанады, оның 25-35 % туберкулездің ашық түрімен анықталады, 2-5 науқас қайтыс болады.

Туберкулез - жұқпалы ауру, қоздырғышы туберкулездің микобактериялары болып табылады. Туберкулез жұқпасының негізгі берілу жолы ауа-тамшы арқылы. Жұқпаның негізгі таралу көзі өкпе туберкулезімен науқас-

танғандар болып табылады. Сау адам микобактериялар жұқтырылған ауамен дем алғанда ауру беріледі. Ауруды жұқтыру көбінесе үй-жайларда болады. Сол себепті үй-жайларды жиі желдетіп тұру керек, тік түскен күн көзі туберкулездің микобактерияларын тез жояды. Өкпе туберкулезінде мына белгілер жиі кездеседі: 2 аптадан астам уақыт жиі жөтел қақырық шығуымен, дене қызуының көтерілуі, шамадан тыс арықтау, тәбеттің төмендеуі, түнгі мезгілде терлеу, өзін жалпы әлсіз сезіну. Бұл белгілер қолқа, өкпе ауруларының созылмалы түрлерімен байланысты болуы да мүмкін. Сол себепті дерт нақтаманы анықтау мақсатында туберкулездің микобактерияларына микроскопиялық зерттеу үшін 2 аптадан астам уақыт жөтелген адамдардан қақырықтың 3 үлгісін медициналық қызметкерлер алады. Сонымен қатар туберкулезге шалдықтым деп күдіктенгендер флюорографиялық тексеруден өтулері керек. ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес өкпе туберкулезін ерте кезеңде анықтау мақсатында әрбір азамат жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өтуі тиіс. Бұл тексеру жылына 80% астам өкпе туберкулезімен науқастанғандарды анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта туберкулезге тексеру және туберкулезбен науқастанғандарды емдеу проблемасы жоқ, бәрі тегін жүргізіледі. Туберкулезді өз бетінше емдеуге болмайды. Туберкулезге қарсы препараттарды тек дәрігердің тағайындауы бойынша медициналық қызметкердің бақылауымен қабылдау керек. Жүйесіз қабылданған дәрі-дәрмектер зиян тигізіп, туберкулездің дәрі-дәрмекке төзімді түрі пайда болуы мүмкін.

Тубереркулездің белгілері пайда болған жағдайда уақытылы дәрігерге қаралыңыз, туберкулезді емдеуге болады.

Өмірбаян

Мен, Шаяхметова Айгуль Байболатқызы, бір мың тоғыз жүз жетпіс жетінші жылдың наурыз айының он төртінші жұлдызында Қаз ССР, Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ. 1992-1995 жылдар аралығында Талдықорған қаласында медициналық колледжде оқыдым. Медициналық бибі мамандығы бойынша Үш-Төбе қаласына жолдамамен жіберілдім. 1995ж-дың 1-ші тамызында Қаратал ауданындағы Үш-Төбе қаласының туберкулезге қарсы диспансеріне жұмысқа қабылданып 1996 жылдың тамыз айына дейін медициналық бибі қызметін атқардым. 1996 жылдың тамыз айының 1-ші жұлдызында травматологиялық бөлімге ауыстырылдым, 1997 жылдың 2-ші маусымына дейін сол жерде медициналық бике қызметін атқардым. 06.11.1997ж бөлім жабылып, штат қысқарғандықтан жұмыстан қысқартылдым. 08.07.1997 -06.11.1997ж.ж. аралығында Үш-Төбе қаласының аудандық емханасында учаскелік медициналық бике қызметін уақытша атқардым. 12.03.1998-06.08.1999ж.ж. аралығында сол жерде жанұялық медициналық бике қызметін атқардым. Медициналық бикелердің штаты 50%-ға қысқартылғандықтан жұмыссыз қалдым. 2000 жылдың 14-ші наурызында «Талдықорған қаласының облыстық балалар ауруханасы»МҚК-ның реанимациялық бөліміне медициналық бике қызметіне вакансия болмағандықтан еден тазартушы болып жұмысқа қабылдандым. 20.07.2000ж «Талдықорған қаласының облыстық балалар ауруханасы»МҚК-ның кардио-ревматологиялық бөліміне еден тазартушы болып ауыстырылдым, 07.08.2000ж өз еркіммен жұмыстан шықтым. 2000 жылдың 27 қарашасында Үш-Төбе қаласының аудандық емханасынасына учаскелік балалар медициналық бикесі қызметіне қабылдандым. 2002 жылдың 23 қарашасында өз еркіммен жұмыстан шықтым. Текелі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінде 23.07.2003-01.12.2003ж.ж аралығында жұмыссыздар қатарында есепте тұрдым. Алдын –ала тест тапсырып және аттестациялаудан өткен соң Текелі қалалық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бас-

қармасының эпидемиологиялық қадағалау бөліміне уақытша маманның міндетін атқарушы болып 01.12.2003ж жұмысқа орналастым. Қазіргі уақытта «Текелі қаласы бойынша МСЭҚБ»ММ-нің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінде жетекші маман қызметін атқарудамын.

Автор:
Ф.С.ШАҒАЙБАЕВ, Текелі қаласы бойынша МСЭҚБ бастығы, А.Б.ШАЯХМЕТОВА, Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы