Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН 9 ЖАТТЫҒУ (2 бөлім)


9 октября 2017, 03:50 | 4 457 просмотров



1. ҮйшікЕгістікте үйшік тұр, (саусақтарының бастарын түйістіріп, үйшік жасайды)Оған барар жол жабық (қолдарын айқастырып, жолды жабады)Айқара ашып қақпаны (қақпаны ашады)Шақырамыз қонақты (қолдарын бұлғап шақырады). 2. Үй тұрғызуБалғаменен ұрып, ұрып (жұдырықты түйіп, үстелді ұрады)Мол ғып шеге қағамын (жұдырықтарын кезекпен бірінің үстіне бірін қояды)Әдемі ғып үй тұрғызып (қолмен үйшік жасайды)Бәрін бірге жиямын (саусақтарын барына ашып, қайтадан жұмады)3. Бір үйде біз нешеуміз?Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық, екеуміз.Бас бармағым - папам,(аталған саусақтарын жазады)Балаңүйрек - анам.Ортантерек - ағамШылдыршүмек - менТиттейбөбек - сен.Бірүйдебізнешеуміз?Бірүйдебізбесеуміз.(саусақтарын ашып, жұмады)4. Саусақты демалтуСаусағымыз шаршады, (қолдарын үстел үстіне қояды)Демалуды қалады.(ары бері қозғайды)Саусақтарды жазайық, (қолдарын көтеріп, саусақтарын жазады)Бір, екі, үш, демалтып бір алайық.( саусақтарын жазып, қайтадан жұмады)5. Бас бармағым қайдасың?Бас бармағым қайда болдың? (екі қолдың бас бармақтарын көрсетеді)Мына ағаммен тауға бардым, (саусақтарын кезекпен бас бармаққа қосады)Мына ағаммен отын жардымМына ағаммен ән салып,Ал ініммен тойға бардым.6. КомпотЖемістерді жинаймыз, (қолдарымен жемістерді жинайды)Алманы ірі тураймыз, (қолдарының қырымен турайды)Алмұртты алып ұсақтап,Шиені жуамыз. (жуғандай әрекет етеді)Лимонды алып сығамыз, (жұдырық түйіп, сығады)Қантын мол қып қосармыз.(саусақ ұштарымен қант себеді)Суын құйып қайнатып, Қонақтарға тосамыз.(алақандарын жайып, ұсынады)7. ОрамжапырақОрамжапырақты аламыз (саусақтарын сәл бүгіп, беттестіреді)Пышақпенен тураймыз (қолдың қырымен турайды)Оны қатты қысып ап, (қолдарын сәл бүгіп, қысады)Дәміне қарай тұздаймыз.(тұз себеді)Суын әбден сығамыз (жұдырықта ашып, жұмады)8. ТасбақаАсықпайтын тасбақа (жұдырықты үстел үстімен жайлап жылжытады)Тас ішінде тұрадыБасын жайлап шығарып, (сұқ саусағын шығарып, қайтадан жасырады)Қайтадан оны тығады. (бірнеше рет қайталайды)9. Гүл Әдемі қызыл гүлімніңЖапырағы ашылды.(алақандарымен ашылған гүл жасайды)Жел кеп оны тербетіп, (қолдарын тербетеді)Жапырағын жабады. (жапырақтарын жабады)Ұйқыға кетер майжырап,Жапырағын шайқалтып.(гүлдің басын шайқайды).Айман Қайратқызы«Интеллектум» балаларды интеллектуалды дамыту ортылығының маманы.Инстаграм: @intellectum_bakittiotbasi

Автор:
bakittiotbasi.kz